Теміржолшы Мақсат Абатов «Самұрық-Қазына» спартакиадасынан алтын және күміс жүлдемен оралды

ҚТЖ келбеті
25.08.2025, 12:40
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Х спартакиадасында волейболдан ҚТЖ құрамасының сапында сынға түскен Тараз станциясының маневрлік диспетчері Мақсат Абатов республикалық жарыстан бір алтын, бір күміс жүлдемен олжалы оралды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан темір жолы құрамасының алға шығып, 1-орынды жеңіп алуына волейболшылардың қосқан үлесі зор. Олай дейтініміз, ірі жарыстарда командалық ойынның жүлдесі үшін қосылатын ұпай едәуір.  

– Спартакиада өте тартысты өтті. Біздің Жамбыл жол бөлімшесінен төрт адам бардық. Садақ ату және ерлер арасындағы волейболдан ҚТЖ командасының намысын қорғадық. Ерлер арасындағы волейбол құрамасына Жамбылдан екі теміржолшы шақырту алғанымызбен, әріптесімді бас жаттықтырушы сапқа қоспады. Біз үшін шешуші кездесу «QazaqGaz»-бен өткен ойын болды. Жанкүйерлер «финалға бергісіз матч» деп баға берді. Қарсылыстарымыз өте мықты команда, оңай соққан жоқ. Дегенме, жақсы тактика, дайындықтың арқасында жеңіске жетіп, жартылай финалға шықтық. Қола жүлдені олжалап, үздік үштікті түйіндедік, – дейді Мақсат Абатов.

Мақсат Абатов білікті маман ғана емес, мықты волейболшы. Волейболдан Жамбыл жол бөлімшесі командасының капитаны бірнеше жылдан бері ҚТЖ құрамасының сапына жиі шақырту алады. Бұған дейін де республикалық жарыстарға қатысып, жүлдемен оралған.  

Дүбірлі додадан осындай жеңіспен мерейі үстем болып оралған теміржолшыны жергілікті басшылық құттықтап, кәсіподақ тарапы «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің 120 жылдыққа арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.    

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды