Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

ҚТЖ келбеті
17.11.2025, 16:55
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық теміржолшының өнеріне қырғыздар да таңдай қақты. Түбек теміржолында еңбек ететін Светлана Хайдарова Бішкек қаласында өткен халықаралық «Жаңа Есім» фестивалі аясындағы «Достықтың кілті – бірлікте» концертіне қатысып, жүлдемен оралды.

Халықаралық өнер фестивалінде жанды дауыста ән шырқап, қырғызстандықтардың көңілінен шыққан жерлесімізді көрші елдің Мәдениет министрі бірінші дәрежелі диплом және алғыс хатпен марапаттады. Ал «Жаңа Есім» жобасының продюсері Қаламқас Бексұлтанова өнерге қосқан үлесі үшін «Өнер рухы» төсбелгісін табыстады.  

Светлананың өнер жолындағы жетістігі бір бұл емес. Жазда ғана «Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған ол 4-5 жыл бұрын «Дауыс 40+» телевизиялық байқауында «Жезтаңдай әнші» номинациясын алған. Биылғы шығармашылық жобада «Өнер әлемінің шабыты» аталымымен марапатталды.  

Міне, қай байқауға барса да қоржыны бос қайтпайтын Светлана Жолдыбайқызының түбек теміржолына келгеніне он жылдан асыпты. Батыс Қазақстан облысында өмірге келген ол 2013 жылы Маңғыстау теміржолына жүк қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа орналасады. Бүгінде Құрық порты станциясында осы қызметін жалғастыруда. Қолы боста теміржолшылар арасында өтетін түрлі іс-шараға қатысып, мерекелік кездесулердің, тойлардың көрігін қыздырады.  

Ата-анам өнерден құралақан емес, кезінде ауылдағы белді той әншілері еді. Өзіміздің Мұхит ауылы мен көрші елдімекендердегі тойлар олардың қатысуынсыз өтпейтін, алыстан іздеп келіп алып кететін. Қанымда бар болғасын мен де өнерге жақын болдым. Мектепте ән айтудан түрлі байқауға қатысып, жүлдесіз қайтқан жерім жоқ. Бой жете келе өнер жолын таңдауға ата-анам рұқсат бермеді. Тұрмысқа шыққасын отбасы, бала-шаға деп мойын бұруға уақыт болмады. Жолдасым Тельман Матаев Маңғыстауда 30 жыл білім саласында басшылық қызмет атқарды. Төрт баламыз дүниеге келді. Оларға тәлім-тәрбие беріп, балалар өскесін жолдасымның қолда уымен теміржолға жұмысқа шықтым. Бастапқыда қиын болды. Отағасым көмектесіп, осы кәсіпте қор болмайсың деген ақыл-кеңесімен бәріне шыдап, үйрендім. Қазір сүйікті кәсібіме айналды. Бастапқыда ұжымдағы мәдени іс-шараларда өнер көрсетіп жүріп, көпшіліктің қолдауы мені қанаттандыра түсті. Тойларда жанды дауыста ән айтып, ұзатылатын қыздарды шығарып салып, келін кіргізіп, елдің алғысын алып жүрдім. Одан соң өмірлік серігім өмірден өтіп, өнерімде біраз уақыт үзіліс болды. Енді-енді қайта шығып, байқауларға қатысып жатырмын, – деген Светлана Хайдарованы актерлық өнерге бір табан жақын болғандықтан фильмдерге де шақырып тұрады екен. 2018 жылы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» шығармасының желісімен түсірілген фильмде, 2023 жылы «Сезім толқыны» атты фильмде эпизод арасындағы түсірілімдерге, дубляжға қатысқан. Тағы да бірнеше фильмге саундтрек орындауға шақырту түскен. Жыл соңына қарай әжелер ансамблін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс алған.  

Қазір Светлана Хайдарованың төрт перзенті өскен, бәрі бір-бір кәсіп иесі. Бірі журналист болса, екіншісі теміржолшы, үшіншісі ІТ маманы. Тек кенжесі студент, болашақ логистика маманы. Бәрі де өнерден құралақан емес, отбасының басы қосылса, әншісі де, күйшісі де, бишісі де өздерінен табылады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады