Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды

ҚТЖ келбеті
28.07.2026, 09:04
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

ТЧЭ-30 Шу локомотив пайдалану депосының машинисі Рүстем Әскербек пен машинист көмекшісі Мирас Тұрысбектің шұғыл жағдайда кәсіби шешім қабылдауының арқасында апаттың алды алынып, теміржол өткеліне шығып кеткен Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бір қатерден аман қалды.

Оқиға өткен айдың соңына қарай таңертеңгі сағат 08.41 шамасында болған. Шу – Шығанақ учаскесінің Жиделі – Бірлік аралығындағы күзетілмейтін теміржол өткеліне шығып кеткен жеңіл автокөлікті байқап қалған локомотив бригадасы дереу тежегішті қолданып, соқтығысудың алдын алады. Жүк пойызы кестеден 6 минутқа кешіккенімен, локомотив пен көлік те, жол да зақымданған жоқ.  

Сала мамандары жеңіл көлік жүргізушілерінің теміржол өткелдерінен өту ережесін өрескел бұзуы – ең алдымен өз өмірлеріне және пойыз жолаушыларының өміріне қауіп төндіретінін ескертеді. Пойыздың салмағы ауыр, тежегішті тартқанымен, локомотив инерциямен 1000 метрден асып барып бір-ақ тоқтайтынын айтады. Көп жағдайда машинистердің кәсібилігі мен қырағылығы қауіп-қатердің алдын алып жатады, дегенмен ұзын пойыз құрамы тоқтай алмай, жолындағыны баса жаншып кетуі де мүмкін.  

Оқыс жағдайда кәсібилікпен қатар, жинаған тәжірибенің тигізер септігі көп. Электровоз машинисі Рүстем Әскербек 9 жылдан бері жолда жүрген маман. Әйтсе де, осындай жағдайға бірінші рет кездескенін айтты.  

– ҚазАТК-да оқып, диплом алған соң, туған жерге оралдым. Тоғыз жолдың торабы саналатын Шу қаласында темір жол дамығандықтан, басты күнкөріс көзі де – осы сала. Оның үстіне әкем теміржолшы, басқа мекемеде еңбек етеді. Сондықтан мектеп бітірген кезде алдымда бір ғана таңдау тұрды. Шойын жолдан ұзап кете алмасымды түсіндім, – дейді Рүстем Ғалымбекұлы.  

Машинист көмекшісі Мирас Тұрысбек те әулетімен теміржолшылар екен. Атасы мен әкесі осы салада ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шығыпты. Шу қаласындағы №10 колледжде оқып, тепловоз машинисінің көмекшісі мамандығын алыпты.  

– Диплом алған соң 2023 жылы депоға жұмысқа орналастым. Темір жолдағы ең басты тәлімгерлерім – атам мен әкем. Одан кейін әрине деподағы білікті мамандар, – дейді еңбек жолын енді бастаған Мирас Бақытұлы.  

Сарапшылар Жиделі – Бірлік өткеліндегі оқиғаның себебі автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы екенін айтты. Осы жағдайға қатысты барлық ақпарат құқық қорғау органдарына берілген.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады