Даңқты машинист – Аралдың құрметті азаматы

ҚТЖ келбеті
25.02.2020, 13:09
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Еңбек Қызыл Ту және Ленин ордендерінің иегері, даңқты машинист Бөлекбай Бектұрғанов Арал ауданының құрметті азаматы атанды.

Аты аңызға айналған Бөлекбай қарияның даңқын асыратын бір белгі бар, ол оның «За без аварийный пробег на локомотиве 1000000 км» деген төсбелгісі. Яғни, ол – 1957-1986 жылдар арасындағы 27 жылда бірдебір рет апаттық жағдайға жол бермей, миллион шақырым жол жүрген машинист. Бүкіл Одақ бойынша осындай ерлік жасаған отызыншы адам ретінде Теміржол министрлігінің локомотив шаруашылығы жөніндегі Бас басқармасының бастығы П. Кельперистің қолынан жоғарыдағы марапатты алған. Бөлебай машинистің ерлікке пара-пар ерен еңбегі сыр елінің теміржолшылары арасында күні бүгінге дейін аңыздай айтылады және бірінен екіншісі қызықты.

Мәселен, 1961 жылы екі секциялы тепловоздың бірі істен шығып, 35 шақырымдық жолды жалғыз секциямен 3250 тонналық салмақтағы жүк пойызын алып жүруі ерлік емей немене?! 1934 жылдың шілде айында Қарақұмның Дөңгелек Сор қойнауында дүниеге келген Бөлекбай ақсақал 1950 жылы 16 жасында Сексеуіл локомотив депосында слесарь болып еңбек жолын бастаған екен. 19 жасында машинист М. Маренковқа көмекшісі болып алғаш сапарға шығады.

– Ол заманда броньмен соғыстан қалған өте тәжірибелі теміржолшылар Ж.Жүсіпов, М.Рзағазиев, И.Афанасев, Т.Жүсіповке алты жыл көмекші болып жұмыс жасадым, солардан көп нәрсе үйрендім. Жұмыс істеп жүріп Қазалы техникалық училищесін оқып, машинст мамандығын алып, алдымен көмекші, кейін машинист болдым. Абыройсыз болмадым, осы еңбектің арқасында Құрметті теміржолшы атанып, 12 мәрте басшылықтың алғысы мен төрт рет ақшалай қомақты сыйлық алдым. Орынбор теміржолы басқармасының құрмет тақтасына суретім ілінді, – дейді аудан халқының құрметіне бөленген Бөлекбай қария.

– Арал ауданының құрметті азаматы атанған Бөлекбай Бектұрғанов атамыздың еңбек жолы келер ұрпаққа мәңгі үлгі-өнеге, ол кісі – біздің мақтанышымыз, – дейді Қызылорда ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.


Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды