Маңғыстаудағы қалпына келтіру пойызы дайындықтарын пысықтады

Қауіпсіздік
09.09.2022, 10:21
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолының өртке қарсы қызметі мен қалпына келтіру пойызы Қостанайдағы жағдайға байланысты өз дайындықтарын тағы бір ширатып, солтүстіктен шақырту болса, көмек қолын созуға «стартта» тұр.

 Маңғыстау теміржолындағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласовтың айтуынша, солтүстіктегі өңірге көмек қажет десе, дереу жолға шығуға әзірліктерін пысықтап қойыпты. Өңірдегі үш өрт сөндіру пойызы – Бейнеу станциясында – 17, Маңғыстау станциясында – 13, Болашақта 10 адамы бар өрт сөндіру пойыздары дайындық сапында тұр.  

Маңғыстау теміржолының №12 қалпына келтіру пойызының шебері Ербол Мүсірхановтың сөзіне сүйенсек, мекеме қажетті отын, жанар-жағармаймен толықтай қамтылып, жолға шығуға бұйрық болса, қырық минуттың ішінде аттанып кетуге әзір.  

– Қалпына келтіру техникалары, крандар өз функциясына сай жұмыс істеп тұр. 125 тонналық кранымызға маусым айында техникалық қызмет көрсетілді. Бір вагонымыз осы айда деполық жөндеуден өтіп келуі керек. Қалған вагондарымыздың бәрі тексеріліп, қауіпсіздік жағдайлары пысықталған, – дейді Ербол Мүсірханов.  

Қалпына келтіру пойызында екі кран бар, бірі 125 тонна, екіншісі 60 тонналық. Екі үлкен бульдозер, екі жүк тиегіш техника. Жалпы, пойыз 10 вагоннан тұрады. Оның екеуі жолсерігі, төсек жабдықтары бар тұрмыстық вагон. Қалғаны екі платформа, шағын тракторларға арналған екі гараж, электростанция вагоны, кранның қажетті бөлшектері салынатын және басқа да құрылғылар қойылатын вагондар.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды