ҚТЖ-ға қарасты кәсіпорындар көктемгі байқауға дайындалуда

Қауіпсіздік
31.03.2023, 10:31
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қыстың қарлы бораны мен аязды күндері артта қалды. Алда жаз маусымына дайындық, көктемгі комиссиялық байқау өткізу науқаны тұр. Бүгінде ҚТЖ мен оған қарасты барлық филиалдар, еншілес кәсіпорындар мен шаруашылықтар үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде басталатын көктемгі байқауға қызу дайындық үстінде.

Магистральдық желі дирекциясының Техникалық даму департаментінің директоры Әнуар Амантаевтың айтуынша, көктемгі және күзгі байқаулар 2020 жылдың 30 наурызында №193-ЦЗ бекіткен және Компания басшылығының тапсырмасына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелері мен оның еншілес ұйымдарының дайындығын ұйымдастыру стандарты аясында 2023 жылдың 20 наурызы мен 5 мамыры аралығында магистральдық теміржол желілері нысандарын көктемгі байқаудан өткізу қарастырылған. Ресми түрде 10 сәуірде бастау алатын көктемгі байқау 31 мамырға дейін жалғаспақ. Оның себебі ел өңірлеріндегі климаттық жағдай мен ауа-райына байланысты болып отыр. Десе де, көктем ерте шыққан өңірлер бүгінде көктемгі байқауды бастап та кеткен.  

– Қазіргі таңда магистральдық желі бөлімшелері тарапынан бұйрықтар шығарылып, шаруашылықтарды комиссиялық тексеру кестелері бекітілген. Көктемгі тексеріс барысында шаруашылықтардың жазғы тасымалға дайындығына, ғимараттар, инфрақұрылым, құрылғылар, сондай-ақ алдағы 2023-2024 жылдардың жылу маусымына қазандықтар, жылу трассаларының жай-күйіне ерекше назар бөлінеді. Ақаулықтар анықталса, оны жаз бойы жөндеу, жою, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, көктемгі тексеру барысында анықталған ескертулер шаруашылықтар мен кадрларды қысқы жұмысқа дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын жасау кезінде ескерілетін болады, – деді департамент басшысы.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады