Теміржолшылар өртті сөндіруге атсалысты

Қауіпсіздік
18.01.2024, 11:45
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Өткен аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ  –  «Тараз көліктегі оқу орталығы» филиалының курс тыңдаушылары, бір топ дрезина жүргізушілер Тараз қаласы М.Тынышбаев көшесі 28/1 мекенжайында тұтанған өртті дер кезінде ауыздықтауға атсалысып, алғысқа бөленді.    

Кезекті оқу курсына келген теміржолшылар түнгі сағат 22.00-де таза ауамен тыныстау үшін далаға шығады. Тура осы кезде оқу орталығының жатақханасы жанындағы тұрғын үйден өрт тұтанғанын көріп қалып, дереу жүгіріп жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріседі.    

Түнгі кезекшіліктегі жатақхананың вахтер-күзетшісі Ләззат Бижігітова 102 нөміріне қоңырау шалып, 2 өрт сөндіру машинасы келгенде теміржолшы жігіттер қызыл жалынның бетін қайтарып үлгерген. Курс тыңдаушылары қатарында ПЧ-53 Шымкент жол дистанциясының маманы Дәулет Құттыбай, ЭЧ-19 Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы және ПЧ-43 жол дистанциясының дрезина жүргізушілері Ерлан Қуанышев, Дулат Бақытұлы, Семен Давыдкин, Достық станциясынан ПЧ-43 қызметкерлері Самат Бекенов пен Асхат Асылбай бар.    

– Біздің курс тыңдаушыларының дер кезінде көмекке келуінің арқасында өрт күш алып, тұрғын үйге жетпей сөндірілді. Тұрғындар аман-есен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Үй иелері естерін жиған соң келіп теміржолшыларға алғыстарын айтып жатыр, – дейді оқу орталығының кураторы Ойрат Бейсембин.

Айта кету керек, «Тараз көліктегі оқу орталығы» филиалының осы М.Тынышбаев көшесінде орналасқан өз жатақханасы бар. Орталыққа барлық өңірлерден тыңдаушылар келіп, оқу курстарында біліктіліктерін арттырады.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты