Су тасқыны: Семейде қауіптің беті сейілді

Қауіпсіздік
08.04.2024, 13:04
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейде, жалпы   Абай облысы бойынша  су тасқыны жағдайы біртіндеп тұрақтанып келе жатыр. Апаттың алдын алу бойынша үйлестірілген жұмыстар теміржол және автокөлік көпірлерін су шайып кетуден аман алып қалды.  

ТЖ департаменті мен әскери бөлімдердің қосымша күштері жұмысқа қосылып,  аймақта ауқымды шаралар атқарылды.   Осыған дейін су басу қаупі төнген, теміржол магистралі өтетін үш ауданның үшеуінде де қауіп сейілді. Сонымен қатар, Аягөз өңірінде жарияланған төтенше жағдай режимі өткен сенбі күні күшін жойды.

Қазіргі таңда тек еріген суды бұру, сондай-ақ автокөлік жолдарының бүлінген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жарма өңіріне қарасты Шар – Өскемен теміржолының Белтерек ауылдық округі тұсында су тасқынына қарсы бөгеттер тұрғызылып төнген апаттың беті қайтарылды. Пойыз қозғалысына кедергі келген жоқ.

Су тасқыны басталғаннан бері тоғыз елді мекенде 22 тұрғын үй су астында қалды. Олардың арасында теміржолшылардың үйлері жоқ. Сол тәрізді қазіргі таңда су тасқыны басталғаннан бері барлық эвакуацияланған 377 адам үйлеріне оралды. Олардың арасында Үшбиік станциясының тұрғындары бар. Қызылсудан келген  залал оның мөлшері анықталғаннан кейін толық өтелетін болады. Азаматтар мен олардың дүние-мүлкінің қауіпсіздігін жергілікті ішкі істер органдары қамтамасыз етуде.  

Су тасқыны кезінде Аягөз ауданында жоғалып кеткен екі адам әлі іздестірілуде. Ол жұмыстарға еріктілермен бірге аягөздік теміржолшы жастар да қатысуда.  

Желі бойындағы жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде. Теміржолды кесіп өтетін Аягөз, Шар, Қызылсу, Жарма, Шаған өзендерінің су деңгейі көтерілгенімен қауіпті деңгейде емес. НЖС-6 бөлімшесіне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр бақылауда тұр. Магистральға таяу орналасқан су қоймаларына тәуліктік бақылау орнатылды. Осынау орайда құзырлы орындар шығыстағы су тасқыны жағдайы бойынша тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды