Атырауда көктемгі байқау жүріп жатыр

Қауіпсіздік
29.04.2024, 12:53
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі комиссиялық байқау басталды. Өңірдегі су тасқынына байланысты межеленген уақыттан кеш басталғаны да рас. Комиссиялық тексеру басшылық құрам мен тиісті мамандармен қамтылған үш вагон арқылы жүзеге асырылуда.  

Биылғы көктемгі тексеру жұмыстары көп бөлігі суға кеткен Құлсары қаласындағы Құлсары станциясынан басталды. Қаладағы су басқан аймақтың тіршілігі қалпына келтіріліп жатыр. Су айдау, көп жерде дезинфекциялау жұмыстары жасалуда. Кей жерлерде бөгеттер әлі де тұрғызылып, су қайтқан тұстарда алынып жатыр. Үйлеріне біртіндеп оралып жатқандары да бар...  

– Комиссия құрамында Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесінің құрылымдық бөлімдер мамандары мен ревизорлық топ жұмыстарын алдымен 496-402 разъезд аралығы, Мақат-Құлсары, Сағыз-Мақат телімдерінен бастады, әрі қарай Теңдік және Ақжайық станциялары, Ганюшкино-Д.Нұрпейсова теліміне ойысады. Ганюшкино-Исатай, Исатай-Қызылжар телімдердегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. қаралады. Содан кейін Махамбет, Атырау станцияларына тоқтап, сол жерлерде талқылау жұмыстары жүргізіледі, – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықов.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Аслан Базарғалиев Құлсары станциясында жергілікті жұмысшылардың жағдайымен танысты. Құлсары аймағы бойынша 49 теміржолшының үйі суға кеткен екен. Оларға бөлімше тарапынан тиісті көмектің барлығы берілетінін мәлімдеді. Бүгінде үйі суға кеткен теміржолшыларға 100 АЕК көлемінде біржолғы көмек берілген. Сондай-ақ бөлімше кәсіподағы тарапынан ең төменгі жалақы мөлшерінде (85 мың) көмек көрсетіпті. Сонымен қатар барлық өңірде теміржолшылар орталық кәсіподаққа зардап шеккендерге бір күндік жалақыны аудару туралы ұсыныс берген. Үйлері суға кеткен станция жұмысшылары болған жайтқа түсіністікпен қарап отыр.

Жиын барысында арнайы киім туралы сөз болды. Техникалық орталық маманы Ақмарал Елеусінованың айтуынша, операторларға берілген арнайы киім сапасы нашар, түсі қап-қара ауа өткізбейтін қалың синтетикадан тігілген. Оны жаздыгүні кию мүмкін емес. Сол секілді аяқ киім мөлшерлері де сәйкес келе бермейді.  

Комиссия мүшелерінің әрқайсысы өз салалары бойынша нысандарды аралап, тексеріс жүргізді. Жалпы, биылғы жылдың үш айында пойыз және маневрлік жұмыстарда өңірде өндірістік жарақат алу болмаған. Бөлімшеде пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша нәтижелер жақсы деңгейде келе жатыр. Тексеріс кезінде станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жай-күйі, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, құжаттама толтыру, еңбек қорғау мен еңбек орындары қаралды. Құлсары басындағы ЭЧ, ВЧД, ПЧ, ШЧ, ТЧЭ мекемесі және машинистердің демалыс орындары, Құлсары вокзалы да комиссия назарынан тыс қалған жоқ. Барлық станция-бекеттердегі тексеру барысында шаблон арқылы жол параметрлерінің талапқа сәйкестілігі, нормативтік, техникалық құжаттамалардың дұрыс толтырылуы, вагон шаруашылығы, байланыс және электр жабдықтардың, бағыттамалы бұрмалардың жарамдылығы, станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың, астынан су өтетін теміржол көпірлерінің жағдайы да қаралды. Бүгінгі күні комиссия Мақат-Сағыз аралығындағы нысандарда тексеру жұмыстарын жүргізуге кіріскен.  

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді