Өндірістік мекеменің басты байлығы – адам

Қауіпсіздік
29.04.2024, 13:48
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан станциясының бастығы Қадыр Сырлыбеков пен бас инженер Сұлтан Базарбай, еңбекті қорғау инженері Ләззат Рысбаева мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Бауыржан Дүйсебековтің ұйымдастыруымен бірнеше күнге жалғасқан іс-шаралар легі түркістандық теміржолшылар арасында кеңінен насихатталды.

Темір жол қауіпті аймақ болғандықтан, теміржолшылардың еңбек ортасы қауіп-қатерден алыс емес екені белгілі. Алайда, кез келген өндірістік мекеменің басты байлығы – адамдар және оның денсаулығы. Еңбекті қорғау күніне орай техникалық кабинетке тақырыптық баннер ілініп, жұмысшыларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама таратылды, – дейді еңбекті қорғау инженері Ләззат Рысбаева.

Бүгінде станция теміржолшылары арнайы киім-кешек, қорғаныс құралдарымен түгел қамтамасыз етілген. Зиянды факторларда жұмыс істейтіндердің жалақысына арнайы үстемақы төленіп, кезекті еңбек демалысына қосымша күндер есептеледі және сүт тегін таратылады.

Одан бөлек, Компания басшылығы мен кәсіподақ ұйымының арасындағы ұжымдық шартта жекелеген санаттағы теміржолшылар мен қызметкерлер үшін зейнетке ерте шығуға құқық беретін салалық зейнетақы тағайындау, басқа да әлеуметтік жеңілдіктер бұл қамтылған.

– Жұмысқа кеткен әрбір теміржолшыны үйінде ата-ана, зайыбы мен бала-шағасы күтіп отыр. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз – жұмысқа келген жұмысшыны үйіне аман-есен қайтару. Сол үшін компания басшылығы тарапынан кәсіподақ ұйымының қолдауымен еңбек қорғауға байланысты ауқымды іс-шаралар қолға алынуда, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Бауыржан Тоқтасынұлы.

Айтулы күнге орай ұйымдастырылған апталық шара аясында, күнделікті жұмыста өзінің тәртібімен, еңбекқорғауға деген жанашыр көзқарасы мен ұстанымымен  көзге түскен бірқатар жұмысшылар – пойыз құрастырушы Бақытжан Молдабаев пен Абзал Бижанов, парк кезекшісі Тәукехан Ағыбаев пен вагон қозғалысының жылдамдығын реттеуші Арнұр Өтебеков, жүк қабылдап-тапсырушылар Өмірсерік Тойлыбаев пен Мақсұт Тамғабаев сынды азаматтар станция басшылығы тарапынан марапатқа ие болды. 

Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті