Еңбек – қауіпсіз болса өнбек

Қауіпсіздік
04.06.2024, 11:01
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» серіктестігі филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінде еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша ұйымдастырылған семинар-кеңес «Қауіпсіз жұмыс жасап, өміріңді сақта» тақырыбында өткізілді.

Компанияның Жүк тасымалы серіктестігіне қарасты мекемелердің бас инженерлері, локомотившілер, еңбек қорғау саласының сектор меңгерушілерінің басын қосқан семинар-кеңеске алпысқа жуық адам қатысты.  

Жиын шараны ұйымдастырушы жауапты маманның бірі Қызылорда қосалқы бөлімінің қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология бөлімінің бастығы Ғалия Көпжасарованың «Қауіпсіздік минуты» тақырыбындағы кіріспе слайдымен ашылды. Әрі қарай «ҚТЖ-ЖТ» серіктестігі локомотив пайдалану департаментінің бас инженері Арман Садықов, Қауіпсіздік және еңбек қорғау департаментінің бас менеджері Д.Төлеуова, «Медиум клиник» мекемесі өкілдері сөз алып, семинар тақырыбына қатысты баяндама жасап, еңбек қауіпсіздігін қорғау мәселесіне қатысты жаңалықтармен, қажетті мағлұматтармен таныстырды.  

– Қазіргі таңда басты мақсат теміржолшының жұмыс жасайтын орны оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей орта жасау болып отыр. Адам жұмыс жасай жүріп қандай да бір жарақат алмауы тиіс. Жалпы локомотив шаруашылығында негізгі жұмыс техникамен атқарылатындықтан машинистің жинақылығы мен қырағылығы, білімі мен білігіне көп нәрсе байланысты. Компания тарапынан жүргізіліп отырған кешенді шаралар аса қауіпті аймақта тәулік бойы жұмыс жасайтын машинистердің қауіпсіздігіне бағытталып отыр. Жаңа локомотивтер алынуда, электрожарақат алмау үшін электровоздарға пломбы басу қолға алынған, машинистердің 16 демалыс үйіне күрделі жөндеу жасалды. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері де күрделі жөндеуден өткізіліп, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Жұмыс кезінде теміржолшы жарақат алмауы тиіс, бұл – біздің басты нысанамыз. Бүгінгі семинар-кеңестің мақсаты да осы. Машинист болсын, сектор басшысы болсын, инженер болсын жұмыс орнында денсаулығына қауіп төнетіндей жағдайды сезсе, дереу жұмысты тоқтатып, тәуекел жасауды доғарып, тиісті инстанцияға хабар беруі керек. Осы жағдайды біз үнемі қайталап айтамыз, бүгін тағы да еске салуға мәжбүрміз, – деді «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС локомотив пайдалану департаментінің бас инженері Арман Абайұлы.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының бастығы Нұртай Байғазы депо тарихына шолу жасап өтіп, бүгінгі ахуалдан мәлімет берді. Ал көліктегі санитарлық бақылау бөлімінің бастығы Зәуре Сандыбаева медициналық тексеруден өту тәртібі туралы сөз қозғады. Қызылорда локомотив пайдалану депосының қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология секторының бастығы Әзімхан Жиенбаев «машинистің қайғылы жағдайға душар болу жағдайын зерттеу» жайлы сараптама жасаса, Өскемен, Арыс және Шу деполарында машинистердің қайғылы жағдайға душар болу жағдайын Қанат Макашев, Сағыныш Аралбаев пен Жансұлу Әбилдаева талдады. Жаңа Есіл депосының өкілі Карина Мұхтарова қатысушыларды сергіту ойындарын қызықты өткізді.  Семинардың екінші күні Қызылорда локомотив пайдалану депосын аралап, күрделі жөндеуден өткен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехтарымен танысқан қонақтар аспан асты мұражайында, құм кептіру шаруашылығында болды.  

«ҚТЖ-ЖТ» серіктестігі бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Асан Үмбетов қатысушылармен кездесу өткізді.  

– Мамыр айының соңғы екі күнінде Қызылорда локомотив пайдалану депосының базасында өткізу жоспарланған семинар жоғары деңгейде, өте мазмұнды өтті. Теміржолшының қауіпсіз жағдайда жұмыс жасап өз өмірін кез келген қауіптен сақтандырып, еңбегін қорғау мәселесі төңірегінде кеңінен талқылау өткізді. Өткен жылы локомотив шаруашылығы бойынша орын алған жағдайлардың себеп-салдары ортаға салынып, кеңінен талқыланды. Семинарды практикалық тұрғыда өткізуге ұсыныстар айтылды. Қысқасы, еңбек – қауіпсіз болғанда ғана өнбек деген тұжырым жасалды, – деді бөлімнің қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология бөлімінің бастығы Ғалия Көпжасарова.  

Еңбек қауіпсіздігін сарапқа салған алқалы жиынға қатысқан сала мамандары басқосудың танымдық та, тағлымдық та әсері мол болғанын жеткізіп, семинарды ұйымдастырған қызылордалық әріптестерге риза болып аттанды.  

 

Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда