Ревизорлар қозғалыс қауіпсіздігін жіті бақылауда

Қауіпсіздік
22.10.2024, 09:02
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды басты міндет еткен сырбойылық теміржолшылар жылжымалы құрамдардың еш кідіріссіз бөлімше телімдерінен өтуіне қызмет жасауда. Әсіресе аймақ ревизорларының тәулік бойғы жұмысы ерек.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикалық орталығы» Қызылорда филиалының жол шаруашылығы ревизоры Әмірхан Жүсіпбековтің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың бес айында пойыздық және маневрлік жұмыстар барысында тіркелген 11 қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы бөгде мекемелердің еншісіне тиесілі болса, биылғы бес ай ішінде бөлімше бойынша 13 жағдай тіркелген, сондай-ақ локомотивтің істен шығуы, пойыздың бір сағатқа кешіктірілуі секілді бірнеше оқиға орын алған. Тепловоз машинистерінің жедел тежегіш басу жағдайы өткен жылдың есепті мерзімінде 76 мәрте болса, биыл 46 рет тіркелген. Мұның 27-сінде иесіз малдың жол үстіне шығуы, бөгде адамның рельс үстінде жүруіне байланысты 18 жағдай есепке алынған.  

Ал маусым айының алғашқы 10 күнінде Қорқыт станциясы маңы мен Қызылорда жол дистанциясы телімінде бір-бірден иесіз малдың жол бойына шығып жайылып, пойызға басылуы тіркеліпті. Өткен жылдың осы уақытында иесіз малдың жол жағалай жайылуының 3 оқиғасы тіркеліп, мал иелерінің теміржолшылар тарапынан жасалатын ескертулерге құлақ аспайтындығын білдіреді.  

Өңір теміржолы бойында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауы үшін аймақтағы 6 ревизор күн-түн демей жұмыс жасап, кез келген қауіптің алдын алуға қырағы қызмет етуде, түсіндіру тобымен де, телім бойында жұмыс жасаған теміржолшылармен де қоян-қолтық араласып, қауіпсіздік үшін жұмыс істеп, назарға ілінген кемшіліктер арнайы жазбаға алынып, оның түзетіліп орнына қойылуы қадағалануда. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін сала шаруашылықтарын кезектен тыс тосын тексерулер, беймезгіл уақыттағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылуда. Мұның бәрі жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын сақтау, теміржолшы мен техниканың амандығын талап ететін ережелердің, қағидалардың орындалуын қадағалауға жұмылдырылған іс-шаралар.

– Аймақ бойынша пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты түрлі шаруалар атқарылуда. Иесіз малдың жол бойын жағалай жүруіне байланысты жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, атқарушы билік органдарына қатынас хаттар жолданып, мал шаруашылығын кәсіп еткендерге теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігі түсіндірілуде. Алайда, нәтиже көңіл көншітерлік емес. Ескерту, қатынас хаттарға берілген жауап мардымсыз, иесіз малдың жол жағалай жайылуы әлі тыйылар емес. Дегенмен тұрғындармен теміржолдың қауіпті аймақ екендігін ескерткен түсіндіру жұмыстары жалғасып, рейдтер өткізілуде, – дейді ревизор Әмірхан Жүсіпбеков.  

Оның айтуынша, биылғы жыл басынан бері 5 рет жолаушылар пойызының тепловозына мал басылу жағдайында зақым келтірілген. Осы жағдайдың орын алуына орай ревизорлар аппаратының басшысы Алмат Молдашев пен мекеме басшыларының бірлескен талдау жұмысын жүргізу ревизорлар аппаратының күн тәртібінде өзектілігін жоймаған.  

– Пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтауды арттыру мақсатында адам көп өтетін жерлерге арнайы белгілер мен зиг-заг тәрізді есіктер қойылған. Ал қысқартылған теміржол өткелдерінен иесіз малдың өтуіне байланысты тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануының көбеюіне байланысты ревизорлар аппараты тарапынан уақытша кезекшілер қоюға ұсыныс берілді. Сонымен қатар жаз маусымында теміржол көлігін пайдаланушы жолаушылардың көбеюінен Қамбаш, Шөміш, Жалағаш, Тереңөзек станциялары маңындағы теміржол өткелдерін қайта ашу туралы компания басшылығына түсіндірме хаты жолданды, – деп түйіндеді сөзін Әмірхан Жүсіпбеков.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады