Қауіпті жүктерді өрттен қорғау жаттығуы өтті

Қауіпсіздік
14.11.2024, 15:42
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қауіпті жүктер тасымалын жүргізудің өзіндік алгоритмі бар. Оның сыртында бірқатар тораптық станцияларда оқу-жаттығу жиындары да жиі ұйымдастырылады.  

Мәселен жуырда 06-ЦГ/24 хаттамалық шешімі бойынша жоспардан тыс қауіпті жүктерді өрттен қорғау бойынша кезекті мәрте жаттығулар ұйымдастырылды.  

Аталмыш іс-шараға Семей станциясындағы өрт сөндіру пойызы, станция қызметкерлері мен вагон қараушылар және Абай облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты.

Алдын ала белгіленген сценарий бойынша станция басына келіп тоқтаған жүк пойызының цистернасынан желі бойына аса қауіпті химиялық сұйықтық төгіледі. Станция қызметкерлерінің қатысуымен аумақта «төтенше жағдай» жарияланып, апатты жою жұмыстары қауырт түрде басталады. Оқиға барысында бір вагон қараушының ауыр деңгейде «уланғаны» да анықталады. Осылайша, арнайы штаб құрылып, бірқатар күштік құрылымдар бірлескен түрде шұғыл әрекетке көшеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – орын алған апатты дер кезінде анықтап, қауіптілік деңгейін бағалау. Арнайы қызметтерге дер кезінде хабарлау, апат аймағынан теміржолшыларды эвакуациялау, қауіпті сұйықтықты уақыт оздырмай залалсыздандыру және ең маңыздысы осындау қауіпті сәт орын алған жағдайда, барлық қызмет түрлерінің жұмысын тез арада үйлестіру.    

– Бұл тактикалық жаттығудың берері мол, шынайы оқиға орын алар болса, қызметкерлер үшін зор тәжірибе көзі болады. Іс-қимыл алгоритмін ширатып, апатты жоюға қатысатын барлық қызмет өкілдерінің даярлығын жоғары деңгейге жеткізеді, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Сәкен Мұратұлы.  

Айта кетерлігі, Семей ЖТ бөлімшесі аумағынан реактивті және күкірт тәрізді аса улы химиялық қауіпті жүктердің тасымал қарқыны жыл бойына жоғары. Ал оларды тексеру, қадағалау шаралары өзгеше тәртіппен жүргізіледі.

Мұндай оқу-жаттығу сондай-ақ бөлімшеге қарасты Өскемен-1 станциясында да өткізіліп, өрт сөндіру пойызы мен теміржолшылар қырағылығын шыңдады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды