Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғандар тәртіптік жазаға тартылды

Қауіпсіздік
23.01.2025, 09:39
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өткен жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 5 жағдайы тіркелген. Әрбір жағдай бойынша жедел талдау жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды.  

Орын алған 1 оқиға, 4 оқыс оқиғаға байланысты тиісті салалар мен ревизорлар құрамның қатысуымен жан-жақты талдау жүргізілді. Нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жазаға 21 қызметкер тартылды, оның ішінде: 12 қызметкер қатаң сөгіс, 7 адам сөгіс алып, тағы 2 қызметкерге ескерту берілді. Сонымен қатар, 3 қызметкермен еңбек шарты бұзылды, 2 қызметкер зейнет жасына жетуіне байланысты және 1 қызметкер өз өтініші бойынша жұмыстан кетті.

Қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың жағдайлары бойынша станция, локомотив және вагон деполары қызметкерлері арасында техникалық сабақтар күшейтіліп, тежегіш жабдықтарымен байланысты жұмыстарды қайта таныстыру, жолаушылар және жүк пойыздарында тежегіштерге сынау жүргізуді, пойыз құрастырушы мен локомотив бригадалары арасындағы сөйлесу регламенті тәртібінің орындалуын, маневрлік жұмысты жүргізу талаптарын сақтау, локомотивтерді пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамалардың орындалуы тыңғылықты қарастырылды. Мекеме басшылары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуының алдын алу бойынша кенеттен тексерулер, теміржол маңындағы елді мекендердің тұрғындары арасында адамдардың станция аумақтарында жүру тәртібі және мал жаю ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жиіледі.  Бөлімшеде 2024 жылдың 12 айында өндірістік жарақат алудың жағдайы тіркелмеген.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды