Қоймадан өрт шықты...

Қауіпсіздік
28.02.2025, 10:38
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Дизель отынын сақтайтын резервуар әп-сәтте қызыл жалынға оранды. Өрттің қалаға тарау қаупі бар. Осындай сценариймен басталған оқу-жаттығу өрт сөндіру пойызының дайындығын пысықтады.

Ақтөбе станциясында ұйымдастырылған кешенді оқу-жаттығу шарасы шынайылыққа жақын өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты өрт сөндіру пойызы мен өртке қарсы бөлім қызметкерлері жоғары дайындықтарын көрсеткен шарада сценарий бойынша Отын ресурстық орталығынан өрт шықты. Жанар-жағармай қоймасында техникалық қауіпсіздік сақталмаған. РБС-2000м3 дизель отынын сақтайтын резервуар отқа оранып, жалынды бірін ші болып байқаған жергілікті тұрғындар 101 қызметіне хабарлайды. Қоңырауды қалалық горнизоны өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің диспетчерлері қабылдап, оқиға орнына МӨСБ-2 АЦ-5-40, АЛ-50, ЦМК-3 техникалары мен өрт сөндіру пойызы жіберілді.  

Қойма елдімекенге жақын орналасқандықтан өрттің таралу қаупі жоғары болды. Шұғыл әрі тактикалық әрекеттің арқасында жалын лезде ауыздықталып, қойма аумағы залалсыздандырылды.  

Ақтөбе өрт сөндіру пойызының бастығы Бауыржан Файзолла кешенді оқу-жаттығу шарасын өзі бақылады. Жеке құрамнан 17 адам қатысты. Оқиға кезінде газдан уланған қызметкер шұғыл далалық емханаға жеткізілді. Улы газ ауаға тарап, елдімекен тұрғындарына зиян келтірмес үшін арнайы көбік қолданылды. Осылайша, тапсырма тиянақты, шапшаң әрі сауатты қимылдың арқасында сәтті аяқталды.  

«Тактикалық оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті. Өрт сөндіру бойынша жергілікті қызмет өкілдері бірлесіп, дайындық пысықталды. Өрт сөндіру кезінде су және бүрікпе көбік пайдаланылды. Барынша шынайы өткен жаттығу апаттық жағдай орын алған жағдайды жұмыс істеуге жеңіл болады. Себебі әр қимыл маңызды», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Темірбек Елғонды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды