Астана торабы – сала дамуының айнасы

Темір жол тарихы
11.06.2024, 11:20
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада Қазақстан темір жолының 120 жылдығы аясында «Теміржол саласының қалыптасуы мен дамуындағы Нұр-Сұлтан станциясының тарихи рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің және Нұр-Сұлтан станциясы қызметкерлері, Астана торабының сала ардагерлері, кәсіподақ ұйымы мен «Аманат» партиясы өкілдері, сондай-ақ «100 жас есім» жобасының қатысушылары қатысты.  

Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова дөңгелек үстелді аша отырып, бүгінгі жиынның мақсаты аға буын мен өскелең ұрпақ арасында диалог орнатып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және бас шаһардағы Нұр-Сұлтан станциясының теміржолдың қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі туралы әңгіме өрбіту екенін атап өтті.  

«ҚТЖ» компаниясы құрамында 48 мыңға жуық зейнеткер бар. Біз мұны мақтан тұтамыз және компания зейнеткерлерін еш уақытта елеусіз қалдырған емес. Теміржол ардагерлерінен құралған Консультативтік кеңес сияқты үлкен орган бар. Бұдан басқа Орталық, Астана тораптық және өңірлердегі ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс істеп, сала өміріне қатысып келеді», – деп атап өтті Ақмарал Жарасқызы.  

Бұдан кейін сөз алған «Аманат» партиясы Есіл филиалының хатшысы Санира Жүсіпова партия ұйымдары ішінде теміржолшылар белсенді екенін, бүгінгі жиында ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісіне куәгері болғанына қуанышты екенін жеткізіп, осы дәстүрдің жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.  

Бұдан кейін Нұр-Сұлтан станциясын біраз жыл басқарған сала ардагері Қайрат Оразбаев пен қазіргі бастығы Нәдірхан Қайсаров сөз алып, бас қаланың қақпасы саналатын Нұр-Сұлтан станциясының темір жол саласындағы рөлі, саланың дамуына қосып отырған үлесі мен келешегі туралы пікір бөлісті.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ардагерлер кеңесі Орталық аппаратының төрағасы Берік Айтбеков те сөз алып, аталған жиынның басты тақырыбына орай ой қозғады.  

Сала ардагерлерінің естеліктерімен бөліскен бейнеролик көпшілік назарына ұсынылып, аға буынның мәдени, спорттық, басқа да әртүрлі іс-шараларға толы қоғамдық өмірі көрсетілді.

Көп жыл Астана вокзалына басшылық еткен Нұрислам Сулейманов жолаушылар шаруашылығының даму жылдарынан естелік айтты.  

«Бірінші пойыз Ақмолаға 1929 жылы 8 қарашада келді. 1931 жылы Ақмола станциясы пайдалануға беріліп, 380 жолаушыға арналған, жалпы аумағы 1318,8 шаршы метрді құрайтын екі қабатты вокзал салынды. 1939 жылы Ақмола – Қарталы теміржол желісінің салынуымен қала ірі көлік торабына айналды. Ол Солтүстік Қазақстанның алты облысын біріктірген Тың өлкесінің әкімшілік орталығы болды. Қаланың және станцияның қарқынды дамуына байланысты 1961 жылы 500 жолаушыға арналған көпфункционалды вокзал салынып, ол Қазақстандағы ең үлкен вокзал деп саналды. 1962 жылы Ақмола станциясы Целиноград болып өзгертілді. Және де ол Қазақ темір жолындағы ірі станциялардың бірі болды. Станция арқылы күн сайын жүк қозғалысын айтпағанда, 20 жұптан астам жолаушылар пойызы жүретін», – деп станциямен қатар вокзалдың да дамуы қатар жүргенін атап өтті Нұрислам Нурулұлы.  

2019 жылдың басында Астана-1 станциясы Нұр-Сұлтан-1 станциясы болып атауын өзгертті. Ал 2017 жылы ЭКСПО қарсаңында тәулігіне 35 000 жолаушыны өткізу қабілетіне ие жаңа вокзалдың бой көтеруімен Астана-Нұрлы жол станциясы пайда болды. Жиында «100 жас есім» жобасының қатысушылары Әйгерім Сәдуақасова мен Рауан Нұрахметов «Вокзалдардың дизайн-коды» туралы, ал Қырмызы Махамеджанова мен Мадина Есетова «Чат-бот HR көмек» тақырыптарында таныстырылым жасады. Әйгерімнің айтуынша, Нұрлы жол теміржол вокзалында пайдалану бөлімінде жұмыс істегенде, ұсақ-шұғыл жөндеу бөлігінде жиі қиындықтарға тап болған. Мысалы, ақпараттық баннерлердің, маңдайшадағы жазулардың бақылаусыз орналасуына байланысты, оларды алып тастағаннан кейін көбінесе таспаның іздері, сызаттар, бояулары қалады. Пайдалану қызметі ол жерлерді жаңа бояумен бояуы керек. Ол үшін қабырға түсіне сәйкес Ral-ді табу қажет.  

«Сондықтан біздің жобаның мақсаты: түс гаммасын, габариттерін стандарттау, ақпараттық конструкцияларды (баннерлер, маңдайшалар, навигация) белгілі бір орындарға орнату талаптары мен нормаларын әзірлеу арқылы вокзалдарда бірыңғай стилистикалық және қауіпсіз ортаны қалыптастыру болды», – деді ол жоба таныстырылымында.  

Ал «Чат-бот HR көмек» жобасының теміржолшылар үшін санаторийге жолдама алу барысында көп көмегі бар екен. Бұл жоба іске қосылған кезде, теміржол саласы қызметкерлері мен ардагерлері ҚТЖ-мен серіктес шипажайлар тізімін, қанша орын барын, қандай ем-домдар көрсетілетіні, тағысын тағы ақпараттарды көре алады. Бұл жобаларға тәнті болған ардагерлер жастарға табыс тілеп, өз тараптарынан ұсыныстар да айтты.  

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі