Жамбыл теміржолшыларының ерлік жолы

Темір жол тарихы
08.05.2025, 11:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл локомотив пайдалану депосындағы үлкен бір стенд Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған. Мұражайдың бір бөлігінде тұтас қабырғаны алып тұрған стендте майдангер-теміржолшылар мен тыл ардагерлері жайлы деректер жинақталған.

Суреттер мен деректерді қарап көп ақпарат алуға болады. Олардың қай жылы соғысқа аттанғаны, қандай майданда шайқасқаны, құжаттар мен суреттердің көшірмелері, ескі газет қиындылары, бәрі-бәрі қаттаулы тұр. Жамбылдан аттанған теміржолшылар арасында Сталинград, Украина майданына қатысқан, «Суворов», «Кеңестік Беларусь» партизан отрядтарына түскен жауынгерлер де бар екен. Ал Александр Полещук атақты Панфилов дивизиясының сапында шайқасса, Леонид Щепкин есімді машинист 9-гвардиялық дивизиясының 31-атқыштар полкінде Великие Луки қаласын азат етуге қатысқан.  

Алғашында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясына Мәскеу түбінде көрсеткен ерлігі үшін 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы деп аталған панфиловшылардың қан майданда батырлық пен жоғары жауынгерлік дайындықтың үлгісін көрсеткені тарихтан белгілі. Осы дивизияның құрамында соғысқа кірген Александр Полещуктың майданда даңқты қолбасшы И.В.Панфиловпен, осы дивизияның 19-атқыштар полкын басқарған командир Бауыржан Момышұлымен кездескен болуы да ғажап емес. Панфиловтың қызы Валентина Панфилованың облыстық өлкетану музейіне емес, дәл осы депоға әкесі мен өзінің соғыс жылдарындағы суреттері мен құжаттарының көшірмелерін әкеліп тапсыруында да ішкі бір рухани байланыс жатқандай.  

Жалпы осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын депода музей ашылғанда оған алғашқы жәдігерлерді ол кезде көзі тірі майдангер-машинистер өздері әкеліп тапсырған екен. Кеңес және неміс солдаттарының оқ тескен шлемдері, оқ-дәрінің түр-түрі, жауынгер котелогы, компас, пышақ, тағысын-тағы... тарихтан сыр шерткен жәдігерлер қанқұйлы соғыстың бейбіт халыққа тигізген ауыр зардабын еске салады. Жамбыл локомотив пайдалану депосынан майданға 200-ден астам теміржолшы аттанған.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды