Түрксібтің 90 жылдығына орай деректі жинақ құрастырылмақ

Темір жол тарихы
08.09.2021, 09:57
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі Түрксібтің 90 жылдығына орай танымдық-тағылымдық мәні бар тың туынды құрастыруда. Бөлімше басшысы Айдын Шәукежановтың бастамасымен қолға алынған іргелі шараға бүгінде ҒТА орталығы, техникалық кітапхана және кәсіподақ ұйымы атсалысуда. Басты мақсат – ғасыр құрылысы жайлы бұрындары айтылмаған тың деректер жинастыру, Түрксібке Тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша баға беру, сол дәуірдегі теміржол саласының майталман мамандары жайлы тың естеліктермен бөлісу және бүгінгі таңдағы сала қызметкерлері мен кешегі ардагерлер арасындағы сабақтастық туралы тағылымды ой өрбіту болып отыр. Жаңа жинаққа әсіресе фотосуреттер молынан жинастырылуда. Оған желі бойындағы барлық теміржолшылар бір кісідей атсалысып жатыр. Осыған дейін кәсіподақ ұйымының күш салуымен ардагерлер қауымынан көптеген суреттер мен тың фотодеректер алынған болатын. Сонымен қатар, бөлімшенің жекелеген мекемелері жайлы да тұшымды деректер қоры мол. Бұл ретте бір ғана вокзал шаруашылығы жайлы бұрын-соңды еш жерде кездеспеген архив құжаттары мен фотосуреттер табылып жатыр.

– Түрксіб тарихына көз жүгіртіп отырып көптеген қызықты мағлұматтарға кездесеміз. Мәселен, құрылыс жұмысы қолға алынған жылдары теміржолдағы ең беделді мамандық иелері жолшылар болса, нағыз элиталық мамандар қозғалысшылар болыпты. Сол тәрізді жоғары интеллектіні қажет ететін ШЧ саласына ұлты қазақ мамандардың тартылуы да өз алдына ерекше тақырып, – дейді бұл ретте НЖС-6 кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов.

Қорыта айтсақ, Түрксіб құрылысын өз қолдарымен салған кешегі құрыш білекті аталар жолы үлгі етілетін, бүгінгі заманның жарқын жетістіктері де берілетін тың туынды оқырманға жол тартатын күн алыс емес.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті