Семей локомотив пайдалану депосының ұжымы «Құрметті теміржолшыларды» зейнетке шығарып салды

Аймақтар
19.10.2021, 10:27
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей локомотив пайдалану депосында аға буын өкілдерін құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі болып өтті. Бұл жолғы шара бұрынғыдан ерекше. Себебі, ұжым қошеметімен зейнеткерлікке бара жатқандардың екеуі – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегерлері. Айта кетерлігі, Семей өңірі қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл аймақта» тұрғандықтан әрі депо қызметкерлерінің 99 пайызы вакцинациялаудан толық өтуіне байланысты шағын топқа жиын өткізуге рұқсат берілген. Салтанатты шара барысында ТЧЭ-24 басшысы Болат Сейілханов сөз алып, депоға қырық жыл еңбек сіңірген машинистерге жылы лебізі мен алғысын білдірді.

– Семей локомотив пайдалану депосының ұжымы мен кәсіподақ комитеті құрметті демалысқа шығу қуаныштарыңызбен құттықтап, темір жол көлігіндегі адал еңбектеріңіз және өндірістегі табыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Темір жол саласына сіңірген ерен еңбектеріңіз өлшеусіз, – деген Болат Мұхарамұлы «су жаңа» зейнеткерлерге зор денсаулық тіледі.

Ыстық лебіздер мен тебіреніске толы тілектерін жаудырған әріптестер қос бірдей Құрметті теміржолшы-машинистің қатар зейнетке шығуы депо тарихында болмағанын да атап өтті. Бәріне ұстаз болып, талай машинисті тәрбиелеп өсірген олар қандай құрметке де лайық десті бірауыздан. Өз кезегінде әріптестері алдында сөз алған Қайрат Жұмаханов пен Ерлан Сәрсекенов, сондай-ақ, машинист көмекшілері Қайрат Алғожанов пен Қуаныш Мұңсызбаев та ұжым мүшелері мен басшылыққа ризашылықтарын білдіріп өтті. Олардың барлығына да салтанатты түрде алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шара соңында барша ұжым мүшелері естелік суретке түсті.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды