Маңғыстау теміржолшылары қыс мезгіліне қажетті көмір қорын толықтыруда

Аймақтар
22.10.2021, 10:09
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар қатал маусымға ерте қамданатыны бесенеден белгілі. Түбек теміржолшылары қыркүйек айында-ақ қажетті көмірді қоймаға жинап, жолаушы пойыздарын жылытуды қыркүйектің соңында бастап жіберді. «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің Маңғыстау станциясы үшін биылғы қысқы маусымға 10 вагон көмір жоспарланған. Қазірге дейін соның екі вагоны қоймада, тағы бес вагоны жолда. Ал Бейнеу станциясы бойынша екі есе көп. Пойыздар қозғалысына байланысты мұнда қыс қажеттілігін өтеуге 20 вагон көмір кетеді екен. Бүгінге дейін Бейнеу қоймасына 4 вагон – 276 тонна көмір түсіріліпті. Қалғаны келіп жатыр.

– Қаражыра көмірін алып жатырмыз. Жақында 150 тоннаны Маңғыстау станциясындағы қоймаға түсіріп алдық. Қойманың үсті жабық, кез келген ауа райында жақсы сақтауға болады. Ал Бейнеуде НЖС мекемесінің қоймасын жалдап отырмыз, – дейді бұл жөнінде «Ва- гонсервис»» АҚ Маңғыстау телімінің шебері Қосай Сейтқалиев.

Мекеме, сондай-ақ, вагондардың қысқа дайындығын да аяқтап қалыпты. ТО-2 жөндеуден 40 жолаушы вагоны өтуі жоспарланған екен.15 қазанға дейін 32 вагон тиісті жөндеуден өткен. Айдың аяғына дейін жоспар толық орындалады дейді мамандар. Сонымен қатар ТО-3 жөндеу түрінен қыркүйек-қазан айларында 60 вагон өтуі керек болатын. Оның 42-сі дайындық сапына қойылған. Ал ТО-1 ағымдағы жөндеу цехында күніне жиырма шақты вагонға қызмет көрсетіледі.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды