Қызылордалық вагон қараушылар қауіп төндіретін ақауларды анықтады

Аймақтар
22.10.2021, 10:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосына қарасты Қызылорда техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушылары Бағдәулет Айтқұлов пен Құрманбек Асқаров табылуы өте қиын ақауды анықтап, қауіптің алдын алды. Ақаулы вагондардың бірі 1 қазан күні таңертең 07 сағат 35 минутта Қызылорда бекетіне келіп тоқтаған пойыздан анықталса, екіншісі 17 қазанда түнгі ауысымда табылды. Алғашқысында букс торабы бекітпесінің М-20 бұрандасы сынған, екінші жағдайда букс ролигі сеператоры сынғаны анықталды.

– Біздің Қызылорда ТҚК қосынының вагон қараушылары Құрманбек пен Бағдәулет – бұған дейін де талай рет вагоннан ақау тауып, қырағылығымен танылған теміржолшылар. Қазан айында жігіттердің анықталуы өте қиын және сирек кездесетін ақауды табуы олардың өз кәсібін бес саусағындай білетін, нағыз шебер вагон қараушылар екенін тағы дәлелдеп отыр, – деді әріптестері жайлы Қызылорда ТҚК қосыны басшысы Рүстем Ұзақбаев.

Пойыз бекетке кіргенде қауіпсіздік қосынында тұрып, жылжымалы құрамды бақылаудан өткізіп алып, пойыз тоқтағаннан кейін жағалай жүріп әр вагон доңғалағын ұрғылап, тексеріп шығатын сары жилет киіп, қолына рация мен балға ұстаған вагон қараушыларды барлық станцияда көреміз. Олардың құлағына доңғалақты не буксты кішкене балғамен соққанда естілетін дыбыс та әбден жаттанды болған. Оның үстіне заманауи технологияның да көмегі бар. КТСМ-02 қондырғылары жүріп келе жатқан құрамның пәленінші вагоны дұрыс жұмыс жасамай сыр беріп келеді деп алдын ала байбалам салып, «тревога 1-2» сигналын беріп, вагон қараушыларға едәуір көмек береді. Осындай сигналдар көмегімен бекетке келген құрамадан талай «күдікті» вагон анықталып, құрамнан ажыратылды. Ал бұл жолы таңқаларлық жағдай да сол, КТСМ- 02 қондырғысы қауіпті ақау жайлы ешқандай белгі бермеген. Демек, заманауи техниканың да «көрмей» қалатыны болады екен, ал біздің қос вагон қараушы сол техниканың өзі анықтай алмаған ақауды тауып отыр. Нағыз кәсіби қырағылық деген осы шығар?!

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды