Қызылордадағы уәкілетті орган өкілдері темір жолдағы қауіпсіздік мәселесі бойынша кезекті рейдке шықты

Аймақтар
22.10.2021, 10:23
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Осындай тақырыппен теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің кезекті рейдін өткізген қызылордалық теміржолшылар қатарында тәртіп сақшылары мен әскерилендірілген күзет өкілдері де болды. Қызылорда станциясының маңайындағы жаяу жүргіншілер үшін қауіпті саналатын Шұғыла, КБИ аудандарында рейд өткізген теміржолшылардың үгіт тобына Қызылорда жол дистанциясының жол шебері Мақсат Абдраманов, қауіпсіздік инженері Әлияр Өтегенов, ӘТЖК қызметінен Асылбек Жоламанов пен Жеңісбек Есназоров, ЖІІб полиция майоры Асыл Сапарбек, «Теміржол» партия филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева қатысып, қауіптілігі жоғары аймақта жүріс-тұрыс ережесін түсіндірумен қатар теміржол өткелдері тұсына ілінген ескерту билбордтарын жаңалап, 150 шақты ескерту парақшаларын таратты. Дегенмен тұрғындардың ескертуге бей-жай қарайтыны, кейде үгіт тобының әрекетіне бойұсынғысы келмейтіндердің кездесетінін, тек топта полиция өкілінің болғанынан ғана ескертуге тоқтап, айтқанды тыңдайтындығы байқалады. Ал тұрғындар осы ауданда көпір салынады, өткел салынады деген әңгіме әлі күнге іске аспай жатқанын айтып шағымданды, жаяу жүргіншілер жолы мен көпір құрылысы ертерек қолға алынса деген тілектерін жеткізді.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды