Шымкентте жергілікті тұрғындардың бейқамдығынан 9 айда 5 адамды пойыз басты

Аймақтар
22.10.2021, 10:39
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жол дистанциясы қызмет көрсететін аумаққа пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында 164 шақырымға қоршау қойылған. Соған қарамастан жыл басынан бергі тоғыз айда бес адамды пойыз басып, он шұғыл тежеу қолдану оқиғасы орын алған. Ең өкініштісі, теміржол бойында кетіп бара жатқан жастар құлаққап тағып алғандықтан пойыздардың ескертпе белгілерін естімей қалып, қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Сонымен қатар дистанция аумағында қараусыз малды басу бойынша 17 оқиға, ал иесіз жайылған төрт түлік кесірінен 11 шұғыл тежеу қолдану оқиғасы тіркелген. 14 малдың иесі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

«Теміржол бойында орналасқан жергілікті тұрғындармен біз желілік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.  Бірақ сол жұмыстарымыз, өкінішке орай, еш нәтиже бермей отыр. Мал жолға шығып кетпеуі үшін қойылған қоршаудың сымын тұрғындар қиып тастап, төрт түлігін жол жиегіне жаюды, белгіленбеген жерлерден айдап өтуді, қараусыз қалдырып кетулерін қояр емес. Тұрғындарға айыппұл мал егесінен өндіріледі, мөлшері – 28 974,5 теңге. Содан өз малын танып тұрса да «менікі емес» дейтіндер көп», – дейді ПЧ-53 жетекші инженері Ақтолқын Жоланова.

Өткен тоғыз айда 5594 тұрғын мен 1240 автокөлік жүргізушісіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2464 ескертпе қағазы таратылған. Полиция қызметкерлерімен бірлескен 32 рейдтік шара өткізіліп, аудан және қала әкімдеріне 38 мәлімдеме хат жолданған. Алайда тұрғындардың салғырттығы мәселені қайта-қайта ушықтырып отыр дейді теміржолшылар.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды