Темір жол бойында жүріп-тұру ережесінің сақталуы «Қандыағаш» станциясында да өзекті

Аймақтар
22.10.2021, 13:25
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол қашан да қауіпті. Алайда тұрғындардың бұл ескертуді көп жағдайда елей бермейтінін айтқан теміржолшылар тағы да дабыл қақты. Өйткені, азаматтардың өз салғырттығының салдарынан зардап шегу оқиғасы тыйылар емес. Бүгінде Қандыағаш станциясында «Абайлаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы өтіп жатыр. Вокзал қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жолаушыларды қозғалыс ережесін қатаң сақтауға шақыруда. Үш күндік шара кезінде 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олар теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге және рұқсат етілмеген жерде сауда жасауға қатысты. Теміржолшылар сондай-ақ ата- аналардың балаларға қауіпсіздік ережелерін жиі ескертіп, жіті бақылауға алуларын сұрайды. Мектептерді аралап, балаларға дәріс оқуда. Мал басу оқиғалары да азаймай отыр екен. Теміржолдың айналасына мал жаюдың өз тәртібі, ережесі бар. Дегенмен, көбіне қараусыз жайылып жүрген төрт түлік – пойыздардың қалыпты жұмысын бұзуға себепші. Оның салдары пойыздардың кідіруіне, локомотивтердің бұзылуына әкеп соғуда, ең бастысы, жолаушыларға қауіп туғызады. «Шұбарқұдық-РзД 102» жолы аралығында №2881 жүк пойызы жылқы басып кетті. Мал иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабының 1-бөлімімен темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзуы бойынша жауапкершілікке тартылды. Осылайша, мал иесі ақ-адал өсіріп отырған малынан бір айрылса, айыппұл төлеп екі шығынға батпақ», – дейді Қандыағаш желілік полициясының аға инспекторы Құлманова Самал. Теміржолшылар автокөлік иелерін де өткелден өтерде қауіпсіздік қағидаларын қаперге алуды ескертеді. Өйткені кей жүргізушілер асығыстық жасап өте шықпақ болғанымен, жүйткіген пойыз әп-сәтте жетіп келіп қапы қалып жататыны жалған емес. Сондықтан, жол қысқартам деп, өміріңізді қысқартып алмаңыз деген ескерту орынды.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды