Атырау жол бөлімшесінде арнайы киім мен құрал-сайман жеткілікті

Аймақтар
02.11.2021, 10:58
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жұмысшыларды жазғы-қысқы арнаулы киім мен қорғану құралдарымен қамтамасыз ету – тәуекелдердің алдын алу кепілі. Атырау жол бөлімшесінде бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде орындалып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz. Биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша екі мыңдай ерлер мен әйелдер аяқ киімі мен етіктер, үш жүздей жұп бас киім, 1738 сигналды жилет-кеудеше, 1348 жиынтық х/б костюм, басқа да құралдар сатып алынып, жұмысшыларға таратылған. Оның ішінде төрт жүзге жуық медициналық қобдиша, бір және көп реттік маскалар мен қолғаптар, қорғаныс каскалары бар. Тежегіш башмақтар саны жеті мыңға жуық, олардың ішінде жаңасы мен ескісі де бар. Жұмысқа тек пайдалысы ғана қолданылуда. Атырау, Ганюшкино станцияларында вагон таразылар, Сағыз, Мақат станцияларында М63М анеморумбометрлері де қолданысқа жарамды күйде екені анықталды. Станциялар мен вагон деполарында радиостанциялармен қамтамасыз етілу жеткілікті жағдайда – 281 данасы қолданыста. 2019 жылы «Связь Р-45» радиостанциясы алынған болатын, мамандардың айтуынша, әзірге олардың жұмысына шағым жоқ. Сол секілді вагон қараушылар үшін 210 қол шамы қолданыста жүр. Теміржолшылар өмірінің тең жартысын жол бойында өткізетін мамандық иелері болғандықтан жұмыс орындарында шәйнегі қайнаулы, тамағы пісулі болуы, тамақтану құралдары да жеткілікті болуы керек. Соған сәйкес, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында Ганюшкино, Атырау, Ақжайык, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары, ВЧДЭ-1 Атырау станцияларында ас ішу бөлмелерінде барлық қажетті жағдай жасалған. Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі», «Хенрих травматизмінің пирамидасы» тақырыптарында көрнекі жадынамалар ілінген. Сол секілді медициналық мекемемен «Инфаркт пен инсульттің алдын алу» жадынамасы әзірленіп, «Бірінші медициналық көмек көрсету» бойынша жедел жәрдем мамандарымен тренинг өткізілген.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды