Аягөздік теміржолшының өндірісті жетілдіруге қатысты ұсыныстары қолдау тауып отыр

Аймақтар
02.11.2021, 11:12
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда аягөздік теміржолшылар рационализаторлық ұсыныстар беруде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көш басында тұр. Өндіріске инновациялық жаңашылдықтар енгізуде әсіресе осы станциядағы локомотив шаруашылығының қызметкерлері алда. Бір ғана мысал, өткен жылдардың қорытындысы бойынша Семей ЖТ бөлімшесінен Аягөз локомотив пайдалану депосының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Асхат Маженов ең белсенді рационализатор атанып отыр. Ол осы кезеңге дейін ұлттық компанияның игілігі үшін жалпы саны 39 рационализаторлық ұсыныс беріпті. Айта кетерлігі сол, оның бірқатар ұсыныстары бірінші деңгейлі техникалық кеңестің қарауынан өткен соң құптау тауып, қабылданып, локомотив шаруашылығында өндіріске енгізілген екен. Өнертапқыш жігіттің тың идеялары негізінен локомотив шаруашылығы бойынша өндірістегі тиімділікті арттыруға арналады. Мәселен, өткен жыл бойынша төрт ұсынысы мақұлданған. Ал, биылғы жылы ұзақ зерттеп, тәжірибеден өткізіп, зерделеуден кейін өз қызметінің аясында тағы үш жаңашылдық ұсыныпты. Жалпы, оның осыған дейінгі өндіріске енгізген ұсыныстары өз тиімділігін берген болатын. Атап айтсақ, бір ғана дизельді генераторлық құрылғының жылыту жүйесі жұмысына арналған рационализаторлық ұсынысы жыл ішінде миллионға жуық теңгенің экономикалық кірісін әкелген. Оның өндіріске әкелген тиімділіктері өзге мекемелер арасында да насихатталып жүр. Асхат Болатбекұлы алғашқы еңбек жолын 1997 жылы 21 жасында машинист көмекшісі болып бастапты. Кейін ұзақ жылдар тепловоз машинисі болды. Содан бері мол тәжірибе жинап, уақыт өте келе инженер-технолог, еңбек қорғау инженері, ал 2010 жылдан бастап өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы қызметін атқаруда. Яғни, локомотив шаруашылығының барлық сатысынан өткен маман. Рационалды ойлау қабілеті мен жас та болса жинақтаған мол тәжірибесі және тынбай ізденіс нәтижесінде 2016 жылы «Үздік рационализатор» атанды. Сонымен қатар, бөлімше бойынша өнертап- қыштар қатарында Аягөз жол дистанциясының инженер-метрологы, эколог-өнертапқыш Нұртай Қабдыкешовті де айрықша атап өту қажет. 2017 жылы «Үздік рационализатор» атанған ол осыған дейін жалпы саны 38 өтінім берген екен. Ал, биылғы жылы өзі ойлап тапқан екі жаңашылдықты техникалық кеңестің қарауына жолдапты. Өткен жылы үш ұсынысы талқылауға түскен еді. Өндіріске жаңашылдық енгізіп, техникалық процесті жандандыруға аягөздіктер үлесі осы болса, одан кейінгі орында тұрған ВЧД- 23 теміржолшылары да осал емес. Жалпы, жаңаша ойлайтын, креативті идеяларымен танылған немесе өндіріске енгізген инновациялық әдістемелік тәсілдері мол нәтиже берген теміржолшылар бөлімше басшылығы тарапынан зор қолдауға ие. Мәселен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның техникалық саясатына елеулі үлес қосқан үздік өнертапқыштар ақшалай сыйақыға ие болып, марапатталуы дәстүрге айналған.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды