Шығыстағы нысандарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін 440 мың тоннадан астам көмір жеткізілген

Аймақтар
09.11.2021, 09:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда ел шығысын көмірмен қамту мәселесі толық қуатында жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен қыркүйек-қазан айларында аймақтағы барлық қазандықтар мен теміржолдың тұйық желілеріне коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін 440 мың тоннадан астам көмір жеткізілген. Теміржол көлігімен тасымалданған бұл жүктің көрсеткіші, жоспардан 129 пайызға артық орындалып отыр. Осы ретте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өңірге қазан айының өзінде ғана 232 мың тоннадан астам қатты отын жеткізілген. Ал қыркүйекте 213 мың тоннадан астам көмір толықтай теміржол арқылы тасымалданды. «Қазіргі таңда Қазақстанда әртүрлі меншік иелерінің 63 мыңнан астам вагоны бар. Олардың 55%-ы маусым жүгін тасымалдауға жұмылдырылған. Бір ғана «Қазтеміртранс» АҚ қатты отынды тасымалдау үшін 13 мыңнан астам ашық вагонды ұсынып отыр. Бұл қазіргі парктің 66%-ын құрайды», – делінген аталмыш ақпаратта. Осыған дейін мәлім етілгендей, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы әкімдіктер мен жүк жөнелтушілерден халық арасында дүрбелең тудырмас үшін көмір дайындауды алдын ала ұйымдастыру туралы бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Сонымен қатар көмір кеніштерінде ашық вагондардың бос тұрып қалуына жол бермей, тиеу мерзімдерін сақтау ұсынылған еді. Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аталмыш бағытта кешенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жергілікті теміржолшылар үшін кестеден ауытқу жоқ және тосын кедергілер туындамаған. Вагон жетіспеушілігін шешу мақсатында алдын ала іс-шаралар қабылданған. Дегелең станциясы мен Жаңа-Семей жүк станция- сындағы жұмыс барысы аса қауырт болса да ретімен жүріп жатыр. Айта кетейік, ҚТЖ-ның орталық аппаратында көмір тасымалдау бойынша штаб, ал бөлімше бойынша арнайы мониторингілік топтар жұмыс істейді. Олар кірме жолдардың иелерімен бірлесіп стратегиялық жүкті жеткізу мәселелерін жедел шешу үшін шұғыл шешім қабылдауда. Бұл орайда теміржолшылар қауымы жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, көмір саудалаушы компания өкілдерімен бірлесе жедел әрекет етуде. Мәселен, Семей станциясымен әріптестік орнатқан «Жігер» ЖШС тұйық желісіне тәулігіне орта есеппен алғанда 15-20 вагон көмір жеткізіледі екен. Әлеуметтік көмір алушылар алдын ала жазылатындықтан мұнда қазір қарбалас жоқ. Қазір көмірдің тоннасы Семейде 9,8 мың теңгеге, Өскеменде 10,9 мың теңгеге сатылып жатыр. Бұл республикамыздағы ең төменгі баға болып саналады.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды