Ақтөбеде қар тазалау жұмыстарына дайындықты пысықтау үшін оқу-жаттығу өтті

Аймақтар
09.11.2021, 09:57
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Қазгидромет» ұсынған ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес 6 қараша күні Ақтөбеде ылғалды температура сақталып, соңы қалың қарға ұласты. Станциясы аумағындағы теміржолдарды қалың қар басты. Жылжымалы құрамның кідірісін болдырмас үшін аймақ теміржолшылары екінші деңгейлі қар тазалау жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруы тиіс. Өңірде қар тазалау жұмыстарына арналған оқу-жаттығу сценариі осылай басталды. Ақтөбе ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Айбек Таласов пен магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары Темірғали Көштаев құбылмалы ауа райын ескеріп, қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға шұғыл бұйрық берді. Әрі қарай станция кезекшісі барлық мекемелерге хабарландыру жасап, қызметкерлерді екінші деңгейлі қар тазалау жұмыстарына шақырды. Жол дистанциясына теміржол мекемелерінен 60-тан аса жұмысшы жиналды. Теміржолшыларға техникалық қауіпсіздік ережесі түсіндіріліп, белгі беру күртешелері таратылды. Тез арада топ-топқа бөлінген олар күректерін алып станция аумағына жиналды. Қар тазалау жұмыстарына жолды қардан ашуға арналған арнайы пойыз да жұмылдырылды. Ақтөбе жол дистанциясының бас механигі Серік Түменбаевтың айтуынша, өңірде қар тазалайтын бес дана СМ-2 техникасы бар. Бір техника сағатына 340 куб қар тазалау мүмкіндігіне ие. Бір метрге дейін биіктіктегі қарды қарпуға қауқарлы. Барлық техника күзгі байқауда тексеруден өткен. Қысқы жұмыстарға сақадай сай дайын тұр.

«Ақтөбе аумағынан 62 теміржолшы қар тазалауға шықты. Тоқтаусыз жауған қалың қар салдарынан сағат 9:40-та басталған тазалау жұмыстары 17:00-ге дейін жалғасты. Станция аумағынан 14 700 м куб қар шығарылды. Жылжымалы құрамның кідірісі болған жоқ», – деп хабарлады Ақтөбе станциясының басшысы Нұрлан Ермағамбетов.

Бұл штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін темір жолды тазалауға кететін уақыт нормативін ескере отырып, барлық арнайы техника қозғалысы- ның бағыттары және бекітілген учаскедегі қар тазалау технологиясы бойынша өткен оқу-жаттығу болатын. Теміржолшылар өздеріне берілген міндетті белгілі уақыт аясында жоспардағыдай аяқтады.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды