Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай барлық жұмысшыларға ең төменгі жалақы көлемінде сыйақы берілмек

Аймақтар
09.11.2021, 10:11
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда қоғамда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы ең өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан олардың табыс көлемін реттеп отыру маңызды. Сол бағытта жуырда Ұлттық компаниядан арнайы жұмыс тобы келіп, атыраулық теміржолшылармен кездесті. Жұмыс тобының құрамында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы қоғамдық берлестігі» төрағасының орынбасары Ж.Сәбитов, ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры М.Шакенов, персоналды басқару департаментінің бас менеджері С.Сыздықов, Магистральдық желі дирекциясы директорының орын- басары Т.Кенжебеков, т.б. болды. Алдымен Атырау жүк тасымалы және магистралдық желі бөлімшесі басшылары баяндама жасап, жергілікті ахуалмен таныстырды. Он айда қос бөлімшеде де пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Атырау магистралдық желі бөлімшесі өткен жылдың қорытындысымен салалық жарыс жеңімпазы атанып, жұмысшылар жалақысына үстемеақы қосылған. Жалпы алғанда, өңірдегі өндірістік көрсеткіштер мен қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойын- ша жұмыстар жоғары деңгейде, бөлімше қысқа дайын. Елді жайлаған індетке қарсы вакцинация қабылдау бойынша да өңір теміржолшыларының көрсеткіші жоғары, 96 пайызы екпе алған, оған жаз айларында Ганюшкино, Сағыз станцияларына жұмыс- шылар үшін вакцина салатын дәрігерлер бар арнайы пойыздың ұйымдастырылуы да ықпал етіпті. Әрине, теміржолшылардың күтетіні компания бойынша әлеуметтік саясатқа қатысты жаңалықтар. Сондықтан олар персоналды басқару департаментінің бас менеджері С.Сыздықовтың баяндамасын мұқият тыңдады. Оның мәлімдеуінше, «ҚТЖ» АҚ» ҰК бойынша әлеуметтік саланы жетілдіру бағытында көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Ең алдымен айтып кетерлігі, жалақыны өсіру мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.

– Жалақыны өсірудің негізгі көрсеткіші – ол еңбек өнімділігі. Ағымдағы жылы даму стратегиясына сәйкес еңбек өнімділігін кемінде 10%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Басқаша айтқанда, еңбек өнімділігін едәуір арттырмай, жа- лақыны бір уақытта 50% немесе 100% көтеру мүмкін емес. Биыл 1-ші қаңтарда 10 пайызға және 1 шілдеден тағы да 10 пайызға өсті, – деді ол. – Еңбек өнімділігін арттыру үшін трансформациялау бағдарламасының жобалары мен бастамалары іске асырылды, олардың көпшілігі сіздерге белгілі. 2020 жылы жаппай қысқартулар болған жоқ. Ағымдағы жылы да жаппай қысқарту жоспарланбаған. Қызметкерлер санын оңтайландыруға алып келетін кез келген өзгерістер туралы ұжымдық шартқа және ҚР Еңбек кодексіне сәйкес алдын ала хабардар етіледі.

Баяндамашының айтуынша, өндірістік қызметкердің жалақысын көтеру мәселесін кешенді түрде шешу үшін өткен жылдың желтоқсан айынан бастап арнайы комис- сия жұмыс істеп жатыр. Құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Индустрия және ин- фрақұрылымды дамыту министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдерінен бөлек, Ұлттық экономика министрлігі, кәсіподақ және жұмысшылар ұжымы кірген комиссия барлық іс-шараларды жүзеге асырудың уақыттық кестесі мен жалақыны өсірудің кезеңдік жоспарын жасады. Атап айтқанда, биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай барлық жұмысшыларға ең төменгі жалақы көлемінде сыйақы беріледі және 1300 адам осы мерекеге байланысты марапатталып, олардың сыйақысы екі есеге көбейтіледі. Еңбек тиімділігін арттырған сала қызметкерлеріне көтерме сыйақы беру де жалғасуда. Бүгінде оны жол монтерлері мен бригадирлері, жолаушылар пойызының жолсеріктері, электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханиктері алып келсе, енді жыл аяғына дейін белгі беру және байланыс дистанциясы, «Вагонсервис» мекемесі жұмысшылары да алатын болады. Ашық аспан астында жұмыс жасайтындар үшін қосымша ақы төлеу де қарастырылуда. Тағы бір жаңалық – ол зиянды жұмыс үшін төлем төленетіні. Еңбек демалысын дұрыс ұйымдастыру да сөз болды. Бұрын демалу орындарына жолдама 3 жылда бір берілсе, енді 2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап екі жылда бір беріледі екен. Кәсіподақ өкілі Ж.Сәбитов, ҚТЖ қа- уіпсіздік жөніндегі директоры М.Шакенов,ЦЖС өкілі Т.Кенжебеков те сөз алып, әлеуметтік мәселелердің бар екенін, бірақ біртіндеп шешіліп келе жатқанын атап өтті. Әсіресе, өңірдің экологиялық ахуалының нашарлығы халыққа қиын болып тұр. Соған қарамастан теміржолшылар еңбек өнімділігін арттырып, өндірістік көрсеткіштерді жоғары деңгейде ұстап келеді. Жиын соңында комиссия мүшелері жұмысшылардың талап-тілектерін тыңдап, жауап берді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті