Жолаушылар сұранысына байланысты Атыраудағы пойыз кестесі өзгерді

Аймақтар
09.11.2021, 14:05
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Облыс орталығынан шалғайдағы Құрманғазы ауданына, Атырау мен Дина Нұрпейісова станциялары аралығында қатынайтын пойыз кестесі өзгерді. Бұл жолаушылардың сұранысына байланысты болып отыр деп хабарлайды тасымалдаушы «Otpan Logistic» компаниясының өкілдері. Ендігі жерде, яғни 7 қарашадан бастап жергілікті пойыз Атырау станциясынан кешкі 18:10-да қозғалып, соңғы аялдама Дина станциясына 00:36 минутта жетеді. Ал кейін қарай 1:16-да жүріп, таңертеңгі 7:39-да Атырауға келеді. Оның себебі жол-жөнекей ауыл, ауданнан облыс орталығы Атырау қаласына қатынаған жұртқа ыңғайлы екен, яғни пойыздың таңертең келуі қолайлы, кешке дейін бар шаруасын бітіріп пойызға отырғандар діттеген жеріне ел жатпай жетеді. Ал бұрын түнгі бірде келетін. Айта кетейік, Атырау – Аққыстау – Ганюшкино – Д.Нұрпейісова бағытындағы №631/632 пойыз құрамында төрт вагон: 54 орындық 1 плацкарт және әрқайсысы 81 орыннан үш жалпы вагон бар. Жалпы вагонға билет құны соңғы станцияға дейін 895 теңге болса, плацкарт – 2475 теңге. Пойыздың станцияларға тұру уақыты әр түрлі, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы шағын разъездерге 1, 2 минуттан, ал үлкен станцияларға 4 минут аялдайды.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды