Семейде қауіпсіздік мәселесі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Аймақтар
11.11.2021, 10:30
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойындағы қауіпсіздік мәселесі күн тақырыбынан түспей тұр. Бұл орайда сақтық шараларын күшейту мақсатында түрлі акциялар да өткізілуде. Мысалы, жуырда бөлімше көлемінде «Тоқтаңыз. Басып кету қаупі бар!» атты акцияның кезекті үшінші кезеңі өткізілді. Аталмыш шара барысында Семей станциясының желілік полиция бөлімі қызметкерлері арнайы штаб құрып, жоспар аясында жұмыстар жүргізді. Қоғамдық қауіпсіздік шаралардың күшейтілуіне желі бойындағы барлық мекемелер атсалысты.

– Акцияның мақсаты – пойыз- дардың адамдарды басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ, балаларды теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру. Соның аясында бөлімше көлемінде тұрғылықты халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, теміржолға жақын орналасқан елді мекендерде жұртшылықпен кездесулер, әңгімелесулер өткіздік, – дейді бұл орайда Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.

Мұндай түсіндіру шараларына теміржол вокзалының қызметкерлері де қатысып, құқықтық тақырыпта дәрістер өткізілді. Сондай-ақ, кеңес беру мақсатында жолаушы пойыздарында үш мәрте жолаушылаған халықпен кездесу ұйымдастырылды. Оның аясында буклеттер мен ескертулер таратылды. Әрине, алдын алу жұмыстары барысында рейдтік шаралардың да берері көп. Бұл ретте желілік полиция «ӘТЖК» ЖШС-нің Семей филиалы қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше рейд өткізді. Теміржол бойында жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден кесіп өту фактілерінің алдын алып, олармен түсінік жұмыстарын жүргізді. Әсіресе балалы әйелдер мен студент жастарды қауіпті аймақта жауапсыздық салдары неге соқтыратынын нақты фактілермен таныстырып, абай болуға шақырды.

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет