Ақтөбе вокзалында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

Аймақтар
17.11.2021, 11:38
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен әзірленген «Есірткісіз болашақ» республикалық акциясы өткізілді. Іс-шара бір мезгілде елдегі барлық теміржол вокзалдарында өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Есірткі тасымалдаушылар барлық көлік құралдарын пайдаланады. Дегенмен, полицейлердің мәліметінше, есірткі саудасының 90 пайызы автомобиль және теміржол көліктерімен жеткізіледі. Сол үшін де бұл көліктерге қатысты есірткі тасымалының жолын кесу, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүреді.

«Біз әрдайым тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істейміз. Себебі вокзал – стратегиялық аймақ. Жолаушылар қауіпсіздігі бірінші орында. Күн сайын жүздеген адам келіп-кететін көпшілік орында полиция қызметкерлерінің көмегі бізге ауадай қажет», – дейді вокзал басшысы Тойбазар Қуанышев.

Вокзалдағы акция қызметтік иісшіл иттері бар полицей-кинологтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, спортшылар мен әншілердің қатысуымен өткізілді. Жыл басынан бері облыста 236 есірткі қылмысы ашылып, оның ішінде 44 өткізу фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 280 келіден астам есірткі, оның ішінде 229 келіге жуық марихуана, 40 келі гашиш, сондай-ақ 36 келі синтетикалық есірткі тәркіленіпті. Қорқынышты сандар мен фактілер... Акция соңында қала тұрғындары мен қонақтарына буклеттер, кәдесыйлар, есірткіге қарсы символикалық футболкалар, бейсболкалар мен маскалар таратылды.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды