Семейдегі 126 жас теміржолшы кәнігі мамандармен бірге алғаш рет қыс маусымында жұмыс істемек

Аймақтар
19.11.2021, 11:42
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай, қыстың басы бірі ерте, біреуі жай» деп Абай хакім айтқандай, бүгінде ел шығысында «кәрі құда» қаһарына мінді. Өткен апталарда шығыстағы ауа температурасы кейбір жерлерде -17/ - 20 градусқа дейін төмендеді. Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты барлық мекемелерде алдағы қысты алғаш рет теміржол бойында өткізетін жұмыскерлерді әзірлеу ісі толық аяқталды. Жалпы, соңғы жылдары шығыстағы бөлімше басшылығы теміржолшылардың осы санатына ерекше көңіл бөлуде. Қыс маусымын алғаш рет желі бойында өткізетіндердің көпшілігі пойыз құрастырушылар, машинистер мен олардың көмекшілері, жолшылар, электр механиктері, өткел және теміржол станциялары бойынша кезекшілер екен. Қазіргі таңда арнайы оқу-тәжірибеден өткен олардың барлығы арнайы нұсқаулық аясында өзіндік білік жинаған. Ендігі аралықта олардың сол білім-біліктері жұмыста сыналатын болады.

– Сан түрлі акциялар барысында, арнайы өткізілген семинарлар мен тәжірибелік оқытуларда олар төмен температура жағдайындағы жұмыс жүргізу міндеттерімен таныстырылды. Сондай-ақ қысқы мезгілде қауіпсіздік шараларын ұдайы ұстану, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, штаттан тыс жағдайда батыл әрі дұрыс шешім қабылдау үшін өздеріне қажетті дағдыларды толық қалыптастырды, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Бекзат Кәрімханов.

Бөлімше бойынша жұмысқа жаңадан келген 126 жас теміржолшының жанына еңбек өтілі мол, тәжірибелі мамандардан жетекшілер тағайындалған. Арнайы бекітілген тәлімгерлермен қатар олар еңбекті қорғау бөлімі мамандарының да назарында тұр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады