ӘТЖК – 100 жыл: қауіпсіздікке құрылған күзет қызметі

Аймақтар
23.11.2021, 15:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ӘТЖК» ЖШС-нің Семей филиалы өзінің жүз жылдық мерейтойына толайым табыспен жетіп отыр. Бөлімшенің 1394 шақырымдық телімі бойында нысандар мен жүк және жолаушы пойыздарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген күзетшілер жұмысы жүйелі. Шекаралық аумақты қоса қамтитын, теміржол бойындағы күзетілетін нысандары көп осы Семей филиалының директоры Самат Райымбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың өткен он айында күзетке 32728 пойыз, 846560 вагон алынып, толыққанды қамтылып, межелі станцияларға аман-есен жеткізіліпті. Филиал қарамағындағы нысандар да сапалы күзет жасақтарымен қамтамасыз етілгендіктен, ұрлық-қарлық, басқалай қылмыс орын алмаған. Әрине, әскерилендірілген күзет қызметі қылмыстың алдын алумен қатар, құқықбұзушылықтың жолын кесумен де ерекшеленеді.

– Жылдың өткен он айында филиалдың мобильді шұғыл әрекет ету тобының күзетшілері он үш ұрлық фактілерін тіркеп, ұсталған жиырма адамды желілік ішкі істер бөліміне тапсырды. Өткен жылмен салыстырғанда ұрлықпен ұсталған адамдар саны он бес пайызға артқаны байқалады. Бұл әрине бізді де алаңдатып, қырағылықты күшейтуімізге түрткі болып отыр, – дейді филиал басшысы Самат Ғазизұлы.

Семейлік әскерилендірілген күзет қызметі қатарында біліктілігі мен күш-жігерін аямай, адал еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Атап айтқанда филиалдың күзет ұйымдастыру бөлімінің бастығы М.Қыңырбеков, 1-ші санатты инженерлер К.Ахатаев, Қ.Базарғалиев, А.Мұхамеджанов сынды өз ісінің шеберлерін айтуға болады. Сонымен қатар, филиалдың шұғыл оңтайлы әрекет ету тобының бастығы Ш.Мамырбеков, Өскемен-1станциясы атқыштар командасының бастығы Қ.Нығметжанов, осы команданың аға күзетшілері Б.Сырымбаев, А.Мұқашев, күзетші А.Оспанов, Семей станциясының атқыштар командасының күзетшілері А.Қақабаев, А.Ахметов, Қ.Ахмадиев, Қ.Тілекова, Аякөз станциясының АК күзетшілері Д.Байсағызов, Шар станциясының атқыштар командасының күзетшілері Б.Нұрғазин, Б.Құрманғалиев сынды қызметкерлер өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Осы орайда өзінің өкілеттік шеңберінде өндірісте қауіпсіздік және саламатты еңбек жағдайының жасалуына атсалысып жүрген ұжымның кәсіподақ ұйымы төрағасы Амантай Қатпеновті сөзге тартқан едік. Ол бүгінгі таңда филиалдың барлық командала- рында еңбекке қажетті жағдай жасалғанын айтады. Бәрінде ас ішетін, киім шешетін, демалыс бөлмелері мен жуынатын бөлмелермен жабдықталған. Күзетшілер жазғы және қысқы қызметтік киіммен толық әрі уақытылы қамтылуда. Мұның сыртында әр команда қызметтік автокөлікпен, арнайы құрал-жабдықтармен, байланыс құралдары және қызметтік қару-жарақпен де қамтамасыз етілген. Сол тәрізді филиалда спорттық жаттығу залы, күзет қызметінінң өткені мен бүгінгісін айқындайтын тәрбиелік маңызы бар стендтер ілінген. «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалының ұжымы алдағы уақытта да өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға толық мүмкіншілігі бар. Бүгінгі таңда ол үшін барлық жағдай жасалып отыр», – деп сендірді күзет қызметінің басшысы Самат Ғазизұлы.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды