Маңғыстау вокзалында полиция өкілдері азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Аймақтар
24.11.2021, 11:09
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясының төртінші кезеңі жалғасуда. 16 қараша күні Маңғыстау теміржол вокзалында желілік полиция мен прокуратура өкілдері азаматтарды қабылдап, құқықтық түсінік жүргізді. – Мақсат – азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, тұрғындар мен балалар арасында темір жолда оқыс жағдайға ұшырау, жарақаттанудың алдын-алу, тұрған пойыздардың астынан, үстінен және теміржолдың белгіленбеген жерлерінен өту сынды ереже бұзушылықтар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын ескерту. Пойыздардың адам басып кету фактілерін болдырмау, осы тұрғыдан қауіпсіздікті сақтау мақсатында Маңғыстау теміржол вокзалындағы «Led» экранда бейнероликтер көрсетіліп, жолаушылар мен вокзалға келушілерге дауыс күшейткіш арқылы теміржол бойындағы ережелер көрсетілген әртүрлі буклеттер таратылды. Көрнекі жерлерге «Тоқтаңыз! Басып кету қауіпі бар!» атты билборд ілінді. Жолаушылар пойыздарында да жадынамалар таратылды. ӘТЖК қызметкерлерімен бірлескен рейд жүргізілді, – деген Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Н.Қуановтың айтуынша, акция аясындағы профилактикалық іс-шаралар алда Өзен және Жетібай станцияларында жалғаса бермек. Онда оқушылар және колледж студенттерімен де кездесу жоспарланған. Сонымен қатар бөлімше инспекторлары мектеп оқушыларына теміржолдағы жүріс-тұрыс ережелері жөнінде дәріс оқып, арнайы ойындар ұйымдастырмақ. Мұнайлы аудан әкімдігі жанында орналасқан орталық саябақтағы «Led» экранынан қауіпсіздікке қатысты ролик көрсетілмек. Еске сала кетейік, бұл профилактикалық акцияның бірінші кезеңі 23-29 тамызда өткен еді. Екінші және үшінші кезең қыркүйек пен қазан айларында жүргізілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады