ҚТЖ мен Қазкөліккәсіп өкілдері қызылордалық теміржолшылармен кездесті

Аймақтар
29.11.2021, 09:24
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын Ұлттық компания теміржолшылары кең көлемде атап өткелі отыр. Теміржолшылардың жоғары марапаты жыл сайын 65 адамға беріліп келсе, биыл бұл атаққа қосымша тағы 30 теміржолшы ие болады және марапатқа қоса берілетін сыйақы көлемі екі есеге өседі деп күтілуде. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысының HR және корпоративтік сауалдар жөніндегі орынбасары Серік Кеулімжаев пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ж.Сәбитов бастаған жұмыс тобының аймақ теміржолшыларымен кездесуінде белгілі болды. Сыр бойына келген жұмыс тобы өкілдері Қызылорда локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында теміржолшылармен пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады. Компанияның теміржолшылар алдындағы жауапкершілігін кеңінен түсіндіруге келген жұмыс тобы мүшелеріне сала еңбеккерлері де көкейдегі сауалдарын қойып, жауап алды. Сауалдар әртүрлі тақырыпта болды, кейбіріне жауап беру жұмыс тобының да құзыретіне кірмейтіні анық еді, дегенмен басшылық ақылдасып, ойласып, мүмкіндігінше оң шешімін табуға мүдделі екендерін білдірді. Мәселен, депо маңында орналасқан көпқабатты ғимараттың тұрғын үй ретінде жұмысшыларға беру мүмкіндігін жасау, ерте зейнетке шығудың ерекшелігі мен пайдасы, машинистердің қателік жасап жұмыстан төмендетілген жағдайда қайта орнына бару тәртібін белгілеу, аутсорсингке берілетін жұмысшылар жалақысының сақталу мүмкіндіктерін қарастыру, диспетчерлік қызметтің әсерінен орын алатын олқылықтың алдын алу және осы мақсатта Қызылорда-Белкөл учаскесіне қызмет көрсететін Ақтөбедегі пойыздар қозғалысын басқару орталығы (ЦУП) диспетчерлермен кездесіп түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, ротация әсерінен туындайтын қиындықты оңтайлы шешу үшін бөлімшеде шұғыл басқару бөлімі ашылса деген ұсыныс-пікірлер болды. Жұмыс тобының өкілдері жолданған сау- алдарға барынша жауап беріп, кейбірі жиын хаттамасына енгізіліп, құзырлы орындарда талқыланатыны айтылды. Кей аймақтардың ауа-райы ерекшелігіне қарай қосымша төленетін үстеме ақының төленуі, теміржолшының маусымдық киім-кешекпен қамтылып, жұмыс орнының қолайлығын қамтамасыз етуде басшылық құрамның рөлі, мекеме басшыларының бір күнді қоғамдық қабылдау күні ретінде белгілеп, жұмысшылармен кездесу ұйымдастыруы, тағысын тағы мәселелер сөз болды.

– Кейбір шағын станциялардағы ауа-райы- ның қолайсыздығына байланысты берілетін жеңілдіктер алдағы уақытта бекет басшысы мен жол шеберінің жазбаша түрде хабарлауы арқылы қабылданып, үстеме ақы төлену жайы шешілетін болады. Жалпы компания үшін әрбір теміржолшының еңбек жағдайының тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі маңызды, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ж.Сәбитов.

Ол Түркістан мен Сексеуіл станциясы ара- сындағы салалық мекемелердің теміржолшыларымен кездескен жұмыс тобының көздеген мақсаты да осы – компанияда жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарды түсіндіріп, халықтың сын-ескертпесі мен ұсыныс-тілегін тыңдау екенін жеткізді. Егер теміржолшыларды толғандырған сауалдарға тұшымды жауап болмаған жағдайда, мәселе жергілікті жерде шешімін таппаса, оны тиісті өкілетті орындарға ұластыру сызбасы көрсетілді, яғни мәселені оңтайлы шешуге жауапты тұлғалардың мағлұматы көрсетілген брошюраның таратылуы халықтың сенімін арттыра түскендей болды. Бұл дегеніміз, компания басшылығы теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына бей-жай қарамайтындығын білдірсе керек.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады