Науалыда астық тиеген пойыз аударылды

Аймақтар
04.02.2022, 13:40
Оқуға 3 мин
Асхат Райқұл

Сарышағаннан Қарағандыға қарай, Мойынтыға жетпей, Науалы станциясында жүк пойызы апатқа ұшырады. Әзірге белгілісі, төтенше оқиғаға вагондардың бірінің бүйірлік рамасының морт сынуы себеп болған. Қазіргі таңда мамандар шығынның нақты көлемін есептеп үлгерген жоқ. Алайда, біз оқиғаның мән-жайын білуге тырыстық.

  Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Дүйсенбек Сыдықов пен Жамбыл магистральдық желісінің басшысы Сұлтан Боранбаев төтенше жағдай орын алған аумақта жүргендіктен телефон арқылы тілдесуге ғана мүмкіндік болды.

«Біздің сарапшылардың көргені – 12 вагон аударылған, жұп жол да, тақ жол да біршама бүлінген, шпалдар да, рельс те жарамсыз болып қалған. Қазіргі таңда Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Жарық станциясынан рельс пен шпалдар жеткіздік. Шу, Сарышаған қалпына келтіру пойыздары келіп, құлаған вагондарды жолдан алып үлгерді. Балқаш қалпына келтіру пойызын да қосымша күш ретінде резервте ұстап тұрмыз», – деді Сұлтан Боранбаев.

Жүк пойызына Павлодар аймағының Северный станциясынан астық тиелген екен. Ол Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі арқылы Ауғанстанның Хайратон станциясына бет түзеген.

«Қазіргі кезде тергеу шаралары басталып кетті. Вагонның дөңгелектерін ұстап тұратын бүйірлік жақтауы сынып кеткен. Бұл жерде жамбылдық мамандардың кінәсі жоқ екені анық. Вагондардың қай уақытта жөнделгенін, кім қабылдап алғанын, жолдардың талапқа сәйкестігін тексерушілер анықтайтын болады», – деп толықтырды бөлімше басшысы.

Сарышаған қалпына келтіру пойызы басшы- сының орынбасары Марат Ахметов нысандағы негізгі жұмыстардың аяқталғанын айтты.

«Шудағы әріптестерімізбен бірге күні-түні жұмыс істедік. Адам күші, техника – бәрін түгел жұмылдырдық. Балқаш қалпына келтіру пойызы жәрдемдесуге әзір тұр. Әрқайсысы 60 тонналық 12 вагон жолдан шығып кеткен, оңай емес, біршама залал келген вагондар қауіпсіз маңға көшіріліп, қазір жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», – деп атап өтті Марат Ахметов.

Сарышаған жол дистанциясының директоры Берікбол Рақышевтің айтуынша, бір жолдың 125 метрі жарамсыз болып қалыпты. Ал екінші жолдың 900-метрге жуығының шпалдарын ауыстыру керек. Сонымен қатар екі стрелка бұрмасы бүлінген.

«Бізден алғашқы күннен бастап 60 шақты жолшы, трактор, УАЗ көліктерінен 10-нан астам техника және рельс, шпалдарды көтеретін 2 МПТ-4 қондырғылары уақытпен санаспай жұмыс істеп жатыр. Өйткені, пойыздарды кідіртпей өткізу керек. Жұп жол да, тақ жол да жабық. Төтенше жағдай орын алған сағаттан бастап есептегенде, он сағаттың ішінде бірінші жолды ашып үлгердік. Енді екінші жолды пайдалануға беруге тиіспіз», – деді ПЧ-48 мекемесінің басшысы.

Жамбыл учаскесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі салалық өңірлік тексеруші Дархан Құндызбековтің айтуынша, апат орын ала сала тиісті орындарға хабар беріліп, жергілікті теміржолшылар барлық қозғалысты тоқтатып, нұсқауға сәйкес әрекет еткен. Қалпына келтіру пойыздары да дер кезінде келіп жеткен. Бет қатталып жатқанда «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі Науалы станциясындағы пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Жолдан шығып кету салдарын жоюға жалпы 200-ге жуық теміржолшы жұмылдырылған. Оқиға орнында қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.

«Вагондардың жолдан шығып кету себебі – ресейлік вагонның бүйір рамасы сынып кеткен. Тексеру қорытындысы бойынша келтірілген залал үшін өтем кінәлі тарапқа белгіленген тәртіппен талап етілетін болады» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды