Қоршаудың көмегі көп

Аймақтар
29.07.2022, 15:51
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздың мал басу оқиғасы теміржолшылар үшін көкейкесті тақырыпқа айналғалы қашан. Темір жол бойында төрт түліктің босып жүруінен осындай келеңсіз жайттар болады. Қазіргі жаз мезгілінде далада қараусыз мал өріп жүр. Қауіпті деген телімдерге мал өтпес үшін қоршау салу – мәселені түпкілікті шешпесе де келеңсіз жайттарды азайтуға сеп.

Аймақта сондай қауіпті нүктелер саналатын Атырау-Махамбет, Махамбет-Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, Құлсары-Шоқпартоғай, Жантерек-Мұқыр-Сағыз, Ганюшкино- Атырау аралықтарына Атырау магистральдық желі бөлімшесі жол дистанцияларының күшімен тосқауыл-шарбақ салу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінде 224 шақырымда қоршау бар, алайда ол барлық ұзындықтың тек 27 пайызы ғана. Соның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 118 шақырым, ол Сағыз-Мақат-Атырау-Ганюшкино-Д.Нұрпейсова учаскесі және Құлсары дистанциясы бойынша Мақат-Құлсары-Бейнеу учаскесінде 106 шақырымды алып жатыр. 

Жалпы Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол дистанциялары 2015 жылдан бастап жол бойына мал өтпейтін шарбақ салу жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізіп келді. Алайда, коронавирус салдарынан біраз жұмыс кейінге ығыстырылып қалғаны да рас. Былтырдан бері сол жұмыстар қайта жанданды. Бөлімшенің жол шаруашылығының күшімен 2021 жылы 100 шақырым көлемінде қоршау салынды, оның ішінде ПЧ-9-Атырау – 70 км, ПЧ-11-Құлсары – 30 км. Биыл да бұл жұмыс жалғасып жатыр. 

«2022 жылы жол дистанциялары бойынша 77 шақырым көлемінде қоршау салу жоспарланған, оның ішінде ПЧ-9-Атырау – 40 шақырым, ПЧ-11-Құлсары – 37 шақырым. Жұмыс желтоқсанға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта қолданыстан шығарылған ескі шпалдар қада ретінде орнатылып жатыр, оған сым қоршаулар байланады. Бұл қоршаулардың айтарлықтай көмегі барын айта кеткен жөн. Мәселен, 2021 жылдың 6 айында пойыздардың 138 шұғыл тежеуі орын алса, 2022 жылдың 6 айында малдың жолға шығуына байланысты пойыздардың 17 шұғыл тежеуі болған. Яғни, малдың жолға шығуына қарсы қоршау салу арқасында пойыздардың шұғыл тежеу оқиғасы 121-ге азайып отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш», – дейді бөлімше басшысының өндірістік мәселелер бойынша орынбасары міндетін атқарушы Амангелді Біржанов. 

Сондай-ақ, жол дистанциялары басшыларының аудандық, облыстық газеттерге мақала жариялап, ауыл-аудан әкімшіліктерімен және желілік полиция бөлімімен бірлесіп тұрғындарды темір жол жиегіне мал жаю ережесімен ұдайы таныстырып отыруының да септігі тигені анық. Бұған дейін бөлімше қаражатына сатып алынып, жекеменшік мал иелеріне 1000 дана жарықшағылдырғыш таратылған еді. Оның көмегі сол, түнгі уақыттарда мал мойнына байланған жарықшағылдырғыш машинистерге белгі беріп, алыстан «мен мұндалап» тұрады. Әрине, теміржолшылар тарапынан осындай түрлі шаралар қолға алынып жатыр, дегенмен ең бастысы мал иелері жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды