«Түрксіб-Семей» мұражайына 10 жыл

Аймақтар
03.08.2023, 10:11

Осыдан он жыл бұрын, 2013 жылы 2 тамыз күні ресми түрде ашылған   «Түрксіб-Семей» мұражайы теміржолшылардың кәсіби мерекесімен қатар алғашқы мерейтойын атап отыр.  

 Мен – Семей темір жолына жарты ғасырдан астам еңбегі сіңген қарт теміржолшымын. Тарихи жәдігерлер мен құнды деректерді жинастырып, осыдан он жыл бұрын сол кездегі бөлімше басшыларының қолдауымен теміржолшылар мұражайының ашылуына бастамашы болдым. 1903-1904 жылдары Қазақ жеріне табаны тиген «Транссібір-Ташкент» темір жолы, 1913-1915 жылдары «Новосібір-Семей», 1927-1930 жылдары салынған «Түрксіб», 1958 жылдан бері құрылған «Қазақ темір жолы» тарихын зерттеп-зерделеу мұражай материалдарының негізін құрайды. Өткен дәуірдегі жәдігерлер, фотосуреттер, деректі фильмдер, естеліктер, тарихи әңгімелер арқауы мұражайда рәсімделіп, көпшілік назарына ұсынылды. 2013 жылы тамыз айында теміржолшылардың кәсіби мерекесін тойлау рәсімінде Семей темір жолы бөлімшесінің «Түрксіб-Семей» мұражайының ашылу  рәсімі өтті. Жәдігерлер сол кездің өзінде өзінің құндылығымен, алуан түрлілігімен көпшілікті таң қалдырса, содан бергі уақыт ішінде оның қоры бірнеше есеге артып, мазмұны жағынан байи түскен.  

«Новосібір-Семей» теміржолы 1913-1915 жылдары салынғандықтан, сол кезде пайда болған Семей бөлімшесінің негізін құрған Семей станциясы, Семей паровоз депосы, жол жөндеу мекемелері 2015 жылы 100 жылдығын атап өтті.  Сол ғасырлық датаға орай мұражай ішіне «Семей станциясы, Паровоз депосы, Жол құрылыс мекемелеріне 100 жыл», «Семей жол бөлімшесі – Шығыс қақпасы» тақырыптарына көрмелер, «Семей станциясына (1915-2015) 100 жыл», «Семей вокзалы – ғасыр айғағы» атты баннерлер, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрылған уақыты жазылған мемориал тақта орнатылды.  

Семей теміржолында аты аңызға айналған теміржолшылар баршылық. «Түксіб-Семей» қоғамдық қоры мен мұражай қызметкерлерінің бастамасымен  1944-1964 жылдары Семей белгі беру және байланыс дистанциясын 20 жыл басқарған Қазақ ұлтынан шыққан қайраткер, «Құрметті теміржолшы» Капсидар Омаровқа мекеме қабырғасына мемориалдық тақта орнатылып, көше аты берілді. Сондай-ақ, ғұмырының 17 жылын Семей теміржол бөлімшесін басқаруға арнаған Қаныбек Ғазизұлы Ержановқа да мемориалдық тақта орнатылып, көше аты берілді. 1983-1991 жылдары Семей бөлімшесін басқарған Төлеуғазы Шәріпханұлы Бадамбаевқа мемориалдық тақта қойылды. Одан бөлек Семей темір жолының құрылып-қалыптастуына өлшеусіз еңбек сіңірген Чуженов Шайқыбек, Мұхамеджанов Жарылғасын, Касенов Тоқташ, Садықов Жұмағазы, Жаманбаев жол дистанциясының бастығы болған Божке Аспаев, Құлжанов Шаймардан, т.т теміржолшылар туралы деректер жинастырылып, мұражайға қойылған.  Семей бөлімшесін басқарған Құдайберген Дүйсенұлы Көпжасаров, Қаныбек Ғазезұлы Ержанов, Төлеуғазы Шарыпханұлы Бадамбаев, Қанат Сәкенұлы Мұхаметжанов сынды майталман мамандар туралы естеліктер де мұражайдан өз орнын тапқан. Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтар жиі келетін орны және теміржолшылардың мақтанышына айналған. Өткен күннен белгі бар деген осы...

 

Мақсұт КӨШЖАН,  «Түрксіб-Семей» мұражайының  

құрметті директоры

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады