Аягөздік теміржолшы болат жолда жұмыс істейтін әріптестерінің жұмысы жайлы бейнебаян түсірді

Аймақтар
15.12.2023, 11:37
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Ел іші – өнер кеніші» деген рас. Аягөз локомотив пайдалану депосында Жанарбек Бейсембин есімді әнші жігіт бар. Тепловоз машинисінің көмекшісі болып еңбек ететін оның есімі бүгінде республика теміржолшыларына танымал болып келеді.

Ол биыл үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсетті. Астанада өткен кәсіби мерекеде ұлттық компания басшылары мен теміржолшылар алдында «Машинист маршы» әнін орындап қошеметке кенелді. 

– Әннің шығуына себеп болған, ақыл-кеңес берген идея авторы Аягөз локомотив пайдалану депосының директоры Алмас Жанатқалиұлы еді. Сөзін жазған танымал аягөздік айтыскер ақын Қазыбек Байжұманов, әуенін шығарған семейлік Қуаныш Садықов атты сазгер. Ал студияда әрлеген Аягөздегі музыкант Марат Садуақасов. Сиясы кеппеген су жаңа әнді сахнаға алғаш шығару оңай дүние емес екен. Алғашқы әнім мен бейнебаяным үлкен тәжірибе болды, – дейді Жанарбек Нұртайұлы. 

Қазіргі күні Жанарбек шығармашылық ізденіс үстінде, үлкен еңбек жасауда. Тәуелсіздік мерекесіне орай аягөздік ақын Қазыбек Байжұмановтың сөзіне жазылған «Қазақстан теміржолы» атты жаңа әннің тұсауы кесілмек. Ән желтоқсанның 15-і күні өтетін мерекелік салтанатты кеште шырқалатын болады. 

Жанарбек осы әнге бейнебаян түсіріп, жақында ғана таспаға жазыпты. 

Бар болғаны 3,5 минутқа сыйдырылған әсерлі туындыға негізінен аягөздік теміржолшылардың жұмысын арқау еткен. Яғни ТЧЭ25, ПЧ-42, ШЧ-30 және Аягөз станциясы теміржолшылары – бейнебаянның басты кейіпкерлері. Қазақстандық патриотизмге негізделген туынды сала қызметкерлерінің жауапты да өзіндік ауыртпашылығы бар еңбегінен мол хабар береді. Әсіресе түп негізі Түрксіб құрылысынан бастау алатын жол шаруашылығына басымдық беріпті.

– Талантты музыкант Серік Жұмабеков пен «Аягөз» студиясына алғысым шексіз. Бұл әніміз де халықтың көңілінен шығады деген үміттемін. Бейнебаян түсіруге қаржылай жәрдем жасап, көмек қолын созған теміржолшыларға, әсіресе өз ұжымыма зор рахметімді айтамын, – дейді аягөздік өнерпаз машинист көмекшісі. 

– Жанарбек – ұжымдағы беделді жастардың бірі. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, негізгі жұмысынан бөлек, спорттық сайыстарда да ерекше белсенді. Ұжымдағы түрлі мерекелік іс-шараларды, концерттік бағдарламалар жүргізеді, – дейді жас маман жайлы пікір білдірген ТЧЭ-25 басшысы Алмас Жанатқалиұлы. 

Жас әншінің шығармашылық жоспары ауқымды. Талабын шыңдап, өнерін дамыта түсуді де көздеп отыр. Бұл орайда басшылық тарапынан да қолдау бар.

 

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді