Қызылордалық теміржолшыларға ұжымдық шарт таныстырылды (Фото)

Аймақтар
15.01.2024, 13:45
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда жол дистанциясының активінен құралған жұмысшы топ жолшылар ұжымын аралап, 2024-2026 жылдарға арналып қабылданған Ұжымдық шартпен таныстыруда.

Теміржолшылардың еңбек және әлеуметтік қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттейтін басты құжат саналатын Ұжымдық шартқа жаңадан қосылған баптар, өзгерістер түсіндіріліп, осыған орай жұмыскерлердің сауалдарына жауап берілді.    

Құрамында Марат Оңалов басқаратын жол дистанциясының бас инженері Ақылбек Әбілдаев, еңбекті қорғау инженері Майра Бадырақова, өндірістік оқыту шебері Ербол Сарсенбаев, кадр бөлімінің басшысы Зауре Алматова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева бар жұмысшы топ Шорнақ, Талап, Сауран, Жаңақорған, Жалағаш, Тереңөзек және Қараөзек станцияларына барып, телімдегі жұмысшылармен кездесу өткізді.  

– Жыл басында 2024-2026 жылдарға арналып қабылданған Ұжымдық шартқа теміржолшылардың әлеуметтік және еңбек мәселесін қорғауды жетілдіре түсу мақсатында бірнеше жаңа пункт енгізілген. Жолшыларға сол өзгерістердің бәрі теміржолшылар игілігі үшін, олардың әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталғанын түсіндіріп, әріптестерімізбен пікір алмасып, ойларын тыңдадық. Және де қаңтар айында мерейлі 50-60 жасқа толатын жол жөндеушілер Мырзалы Ақынбай, Тұрсынбек Рақымбаев пен Тұрғанбек Абдуалиевті дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан құттықтап, бағалы сыйлықтар тапсырдық, – дейді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды