Шалғайдағы станцияларда теміржорлшылардың демалыс үйлері жаңарып жатыр

Аймақтар
26.01.2024, 10:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шалғай станциялардағы теміржолшылардың әлеуметтік ахуалы, олар үшін қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру – бірінші кезектегі мәселе. Бұл орайда шығыстағы сала қызметкерлері үшін әсіресе өткен жыл айтарлықтай игіліктер әкелді.

Желі бойындағы жолшылар қосынын қайта жабдықтау, жылыну үйшіктерін талапқа сай ету және локомотив бригадалары үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында елеулі жұмыс жасалды. Мәселен, Шар, Дегелең, Риддер, Күмістау, Алтай сынды шалғайдағы станциялардағы локомотив бригадаларының демалыс үйлерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жалпы көлемі 72 700,31 мың теңге бөлініп, толықтай игеріліпті. Соның нәтижесі болар, биылғы қатал қыста локомотив бригадалары тарапынан ешқандай шағым түспеген.  

– Ұлттық компания басшылығының назарға алуымен ТД-17 Шар айналым депосында орналасқан демалыс үйі бұрын-соңды болмаған деңгейде қайта жаңарды. Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесінің бас ғимаратында заманауи спорт залы ашылғаны да игілікті іс болды. Салауатты өмір салтын ұстанған теміржолшылар бос уақыттарын сонда өткізуде, – дейді бұл орайда Аягөз локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Жанарбек Бейсембин.  

Ал НЖС-6-ға қарасты шаруашылықтар бойынша жайлы еңбек ортасын қалыптастыру ешқашан күн тақырыбынан түскен емес. Мәселен, ПЧ-42, ПЧ-40, ПЧ-39 мекемелері бойынша жолшыларға арналған барлық жылыну пункттері толыққанды жөндеуден өткізіліп, жаңартылған. Сонымен қатар Жаңа-Семей-Дегелең бағытындағы бірқатар станцияларда жолшылар үшін жаңадан модульдар пайдалануға берілген. Биылғы жылға да ауқымды жоспар бар.  

Жалпы, сала еңбеккерлері бүгінгі таңда теміржол саласында жасалып жатқан игілікті істерге разы, жалақы жыл сайын аз-аздан болса да көтеріліп келеді, уақытында төленеді, ал жаңадан қабылданған ұжымдық шартта теміржолшылардың әлеуметтік ахуалына баса назар аударылып отырғаны да көңілден шығады. Теміржолшылардың сөзі, өтініш-тілегі мекеме басшыларына дер кезінде жетеді. Яғни желі бойындағы қарапайым жолшылардан бастап кеңседегі қызметкерлерге дейін бөлімше директорының WatsApp номеріне тікелей хат-хабар жазып, арыз-шағымын айта алады. Өткен күзден бастап қолға алынған шара нәтижесіз емес. Сондықтан болар, соңғы уақытта еңбек даулары күрт азайып, мезі ететін түрлі тексерулер де саябырлаған.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады