Түбекке келген тұңғыш тепловоз

Аймақтар
02.08.2024, 11:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл 60 жылдығын атап өтіп жатқан Маңғыстау темір жолына ең алғашқы тепловоз 1961 жылы келіпті. Ол ТГК-156 локомотиві еді. Онда өңірге әлі теміржол тартылмаған екен...

Маңғыстауға теміржол құрылысын салуға қажет құрал-жабдықтарды жеткізген сол теміржол көлігінің өзі екенін біреу білсе, біреу біле бермес. Теміржол болмаса тепловоз қайдан жүр дейсіз ғой? Ол кезде Батыс Қазақстан аймағы бойынша «Гурьев-Қандыағаш» желісі теміржолдың тұйықталған тұсы болатын. Ал алғашқы теміржол көлігі Бакуден Каспий теңізі арқылы баржамен жеткізіліпті. Жол құрылысына керек жабдықтар мен машиналар да сол баржадағы вагондарға тиеліп, оны тартатын ТГК-156 кішкене тепловозы да су жолымен келген екен. Сондай ақ сол су көлігінде тепловозбен бірге Әзербайжаннан «Мақат-Ақтау» теміржол желісін Ақтаудан бастап салатын №66 теміржол құрылыс отряды да келіпті. Өкінішке орай, бұл оқиғаны көріп-білген теміржолшылардың көбісі қазір арамызда жоқ. Десе де, бұл туралы өңір теміржолының ақсақалы Амандық Алдабергеновтің хабары бар екен.  

– 1966 жылы КСРО Жол қатынасы министрлігінің жолдамасымен Маңғыстауға инженер болып келдім. Сондықтан түбек теміржолының қалыптасуынан біраз хабарым бар. 1961 жылы ТГК-156 тепловозы Каспиймен жеткізілгенін, оның бірінші машинисін де білемін. Теңізбен алғашқы теміржол көлігі келгесін №66 құрылыс отряды теңіз жағалауынан бастап жер төсемдерін жайып, жол төсейді. Тепловозды алып бару үшін станция «П» мен уақытша қойма аралығына 400 метрлік темір жол салынды. Осылай, Маңғыстаудың бірінші маневрлік тепловозын құрылыс материалдары тиелген вагондарымен қоса 1961 жылдың 18 қазан күні бірінші класты машинист М.Қаратаев жүргізеді. Сол қарқынмен қазіргі Меловая станциясына теміржол тартылып, теміржолшыларға тұрақжай ретінде вагондар қойылады. Ал үлкен тепловоздар 1964 жылы «Мақат-Ақтау» магистралі іске қосылғаннан кейін келіп, жүк тасымалы жоспарлы түрде орындала бастады, – дейді маңғыстаулық теміржолшы-ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Алдабергенов.  

Қазір аталған тепловоз облыс орталығында «Каскортранссервис» мекемесінің ауласында тұғырда тұр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды