Станциялардағы технологиялық процестер бойынша семинар өтті

Аймақтар
04.10.2024, 10:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко, Тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің директоры Ирина Савушкина, бас менеджері Ағжан Аяпбековтің ұйымдастыруымен «Станциялардағы технологиялық процестерге байланысты автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелердің жұмысы» тақырыбында онлайн семинар өтті.

АЖ/АЖ жұмыс жасауда білім деңгейін арттыру мақсатында бейнеконференция, цифрлық қызметтер қамтылған оқу семинары Ақмола, Шымкент, Ақтөбе және Қызылорда бөлімшелерінің қатысуымен өткізілді.  

Семинарға Қызылорда ЖТ бөлімшесінің атынан директордың АБЖ бойынша орынбасары Абсұлтан Ермановтың ұйымдастыруымен «KZO-Bitcoin» командасы жаңа құрамымен қатысты.

– Семинарға аймақ теміржолшыларының арасынан белсенді жастарды қатыстырдық. Негізгі мақсат – әріптестерімізді кез келген ситуациялық жағдайдан оңтайлы жол тауып, дұрыс шешім таба білуге дағдыландыру, үйрету. Заманауи талаптарға сай білім алып, біліктіліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік болды, – дейді Абсұлтан Тлеуұлы.  

Аймақтағы станциялар мен вагон және локомотив пайдалану деполарының теміржолшыларынан жасақталған «KZO-Bitcoin» құрамасында бөлімшенің ұйымдастыру және тасымал шарттары бөлімінің басшысы Нұрлан Жайсаңбаев, АБЖ бөлімінің жетекші инженер-технологы Гүлнар Сыздықова, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Бауыржан Тұрмантаев және ЦОТУ операторы Ақбота Жолмырзаева, Қазалы вагон пайдалану депосының операторы Серік Матниязов, Қызылорда станциясының тасымал құжаттарын өңдеу операторлары Айнұр Иманбердиева мен Роза Тоқсанбаева, Белкөл станциясының аға тауар кассирі Сейілхан Әзен және Тереңөзек станциясының кезекшісі Нұрлан Кеңесбаев сынды озық ойлы, тәжірибелі қызметкерлер болды.  

Семинар ұйымдастырушылардың «АСК ПС-Жылжымалы құрамның техникалық жағдайын орталықтандырылған бақылау, Жергілікті станция жұмысын басқаруға арналған сандық құралдар, ГИД Урал ДСП, ДНЦ пилоттық жобасы, Power BI, ГУ-38 нысанды электронды вагон парағы» тақырыптарындағы бейне баяндамаларынан басталды. Әрі қарай проблемалық сауалдарды талдаумен жалғасты. Арасында түрлі сергіту ойындары ойналып, қатысушылардың ептілігі, шапшаңдығы, тәжірибесі, білімі сарапқа салынды.  

Қызылордалық команда жақсы нәтиже көрсетті. Ысылып шыңдалды, білгенімен бөлісіп, білмегенін үйреніп, тәжірибе жинады. Күнделікті практикалық тұрғыда атқарып жүрген жұмыстарына қатысты сан сауалдың ұтқыр жауабын тапқан команда мүшелері осындай білім көтеру, тәжірибе алмасу семинар-тренингтері алдағы уақыттарда да тұрақты ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр десті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды