Шпалдар заманауи техникамен ауыстырылып жатыр

Аймақтар
23.10.2024, 12:05
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясы қызмет көрсететін Шиелі станциясы жолдарының ағаш шпалдары заманауи жол техникаларымен ауыстырылып жатыр. Бұған дейін бұл жұмыстарда қарапайым Жейсмар қолданылып келсе, бүгінде  Шу ПЧМ-нің заманауи үлгідегі, КЖТ-4558, МРТ-408, МРТ-407, ПФТ-12031, БРАТ-10 маркалы арнайы жол жөндеу техникалары пайдаланылуда.  

Кешенді жол жөндеу техникаларының көмегімен қазіргі таңда Шиелі станциясында 4400 дана жарамсыз ағаш шпалдар ауыстырылды. Білгеніміздей, алдын ала дайындық жұмыстары кезінде, үш бағыттың біреуін қалдырып, төселетін рельстердің арасында 1 метрден аспайтын қашықтық сақталады екен, біріктіру, тазалау тәсілімен шпалдардың арасын алшақтатып төсеп тасталады. Рельстерді бойлай төселіп тасталған шпалдарды босатып алып, техникалардың көмегімен жаңа шпал салына береді екен. Яғни жол жөндеуші енді тек техниканың дұрыс, талапқа сай жұмыс жасауын бақылап тұрады. Ал жол рельсінің бойына арасы бір метрлік қашықтық шамасында тасталған темірбетонды шпалдарды жол жөндейтін кешенді техника Жейсмар өздігінен алып, сала береді. Бір қарағанда бұл заманауи техникалар қарапайым халыққа 4-5 трактор секілді көрінеді. Алайда бұл техника күшімен рельстерден шпалдарды бұрап босатып, көтеріп алатын, оларды қайта орналастырып бұрап қатайту жұмыстары жасалып жатыр.

– Шу станциясындағы ПЧМ директоры Пернебек Өткелбаев басшылық ететін жол жөндеу техникалары дистанция жолдарының бабын келтіруде үлкен көмек беріп жатыр. Шпал аралықтарын тазалайтын КЖТ, жарамсыз ағаш шпалдарды жұмыс орнынан шығаратын МРТ-408, жарамды темірбетон шапалдарын салуға арналған-МРТ-407, темірбетон шпалдардың бекітпе болттарын бұрайтын ПФТ, қиыршық тастарды шпал астына нығыздап ұрып тығыздауға арналған Брат-10 кешенді машиналары Францияда жасалған. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап Шиелі станциясының жолдарында, ТД-6 кірме жолында локомотивтерді бұрып бағытын ауыстыруға арналған үшбұрыш рельстеріндегі 4 мыңға жуық жарамсыз ағаш шпалдар ауыстырылды, – дейді Қызылорда жол дистанциясы бастығының орынбасары Нұрболат Сақтағанов

Бұл жұмыстарға негізінен дистанцияның 4-5-6-өндірістік телімінің теміржолшылары жұмылдырылған. Жол жөндеу, жұмыс технологиясы мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуына телім басшылары Жұмағали Әбдікәрімов, Бауыржан Келгенбаев, Болатбек Дербишев, Бақыт Арғынбаев, Тұрсынбай Данияров жауапты болып, өз міндеттерін абыроймен атқаруда.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты