Теміржолшылар балық аулап жарысты

Аймақтар
06.02.2025, 15:46
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Алабұға, ақ балық, қармағымды қап, балық» дегендей, ақпан айының алғашқы демалыс күнінде аймақ теміржолшылары бас қосып, балық аулауға тағы да Ақжайыққа аттанды.

«Қазкөліккәсіп» Орталық кеңесінің Атырау өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мұз астынан балық аулаудан жарысы өтті. Өкілдік төрағасы Боранбай Қамиевтің айтуынша, жарысқа барлық теміржол мекемелерінен 2 адамнан, қалаға жақын орналасқан станциялардан 1 адамнан қатысуға шешім алынған. Бұл жолы да жарыс бес номинация бойынша: ең бірінші балық ұстаушы, ең көп балық ұстаушы, ең үлкен балық ұстаушы, ең тәжірибелі және ең жас балықшы номинациялары бойынша өтіп, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар беріліп, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.  

 

Жарыс өте жоғары деңгейде, таза ауада әдемі әзіл, ойын-күлкімен, ең бастысы көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Теміржолшылар қармағына іліккен шабақ балықтарды бір-біріне сыйлап, бір-біріне көмек көрсетіп, әңгіме-дүкен құрып жақсы демалыс өткізді. «И», бұл біз үшін бір жақсы демалыс күні болды. Ашық аспан астында күнде кездесе бермейтін әріптестермен бас құрап, Жайыққа қармақ салып, балық ұстау рахатына бөлендік. Қатысушылардың қай-қайсысы да риза болды деп ойлаймын. Бізге үнемі жақсы шараларымен көңіл бөліп отыратын кәсіподаққа рахмет айтамыз» дейді жарысқа қатысушылардың бірі, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды