Сенімгерлік басқару сапалы қызмет кепілі ме?

Аймақтар
28.02.2025, 10:28
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Түркістан облысының аумағында Қазақстан темір жолына қарасты 9 вокзал бар болса, оның екеуі жергілікті әкімдік қарамағына берілген. Соның бірі – бүгінде сенімгерлік басқару негізінде халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан Түркістан вокзалы.

Ғасырдан астам тарихы бар көненің көзі саналатын Түркістан вокзалы 2020 жылдың қаңтар айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан қала әкімдігінің қарамағына берілген. Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрғиса Пошанов қазіргі кезде әкімдік пен жекеменшік компания заң аясында өзара келісімшартты пысықтап, тиісті деңгейде жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Демек, іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимарат сенімгерлік басқару аясында заманауи талапқа сай тиісті жөндеуден өткізіліп, жолаушылар қажетіне жарап келеді.  

Қазіргі кезде бас ғимарат пен екі жолаушылар платформасы және сауда құрылымдары мен вокзал алаңы сынды жалпы аумағы 876 шаршы метр нысан 10 жылға жалға берілгенімен, негізгі қызметті түркістандық теміржолшылар іске асырады. Марат Мырзақұлов жетекшілік ететін ұжымда Ұлттық компанияның 18 қызметкері еңбек етеді. Олардың бірі басшы да, басқасы қосшы. Жолаушыларды құрметпен күтіп алып, ізетпен шығарып салып, тиісті сервистік қызметтерді көрсетіп отырған вокзал қызметкерлері нысанда қауіпсіздікті де қамтамасыз етеді.  

– Нысан сенімгерлік басқаруда болғанмен, жолаушылар қызметі бұрынғыша біздің міндетіміз болып қала береді. Жолаушыларға қызмет көрсетіп, олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі, – дейді вокзал бастығы Марат Әмірұлы.  

Вокзал көне болғанымен, сүйегі мықты ғимарат барлық талапқа сай, жолаушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін кедергісіз жүріп-тұруына жайлы жағдай ұйымдастырылған. Ғимаратқа көтерілетін баспалдақ жанынан ыңғайлы пандус қойылып, күту залында арнайы белгіленген орындар да жасалған. Ал анықтама бөлімінде құлағының мүкісі бар жандарға қажетті дыбыстық ақпараттық жүйе мен қажет ететіндер үшін қоларбалар да қойылған.  

Түркістан станциясына тәулігіне 18 жұп пойыз келіп-кетіп жатады. Вокзал ғимаратының орташа тәуліктік жолаушы айналым көрсеткіші 800-1000 адамды құрайды. Сала мамандарының түсіндіруінше, вокзал ғимараттарын жергілікті әкімдіктермен келісе отырып, сенімгерлік басқаруға беру Ұлттық компания үшін тиімді. Өйткені кез келген ғимаратты жыл он екі бойы күтіп-баптап, қалыпты жағдайда ұстап тұру қыруар қаржы екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда жоғарыдағыдай әдіспен жұмыс жүргізу техникалық жағынан оңтайлы. Сонымен қатар сенімгерлік басқару есебінен жергілікті жерде шағын және орта кәсіп дамып, өрістей түседі. Ал тараптарды өзара ымыраға келтіріп, жан-жақты дамуды үйлестіруді көздеген әкімдік үшін де бұл жоба тиімді болып табылары сөзсіз. Тек сенімгерлік басқару сапалы қызметтен айнымасын деп тілейік.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды