Түрксіб жауынгерлерінің жорық жолы

Аймақтар
05.05.2025, 13:06
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржол вокзалында орналасқан «Түрксіб-Семей» мұражайында соғыс жылдарына қатысты жәдігер аз емес. Биылғы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында семейліктер мен қала қонақтары соғыс жылдарындағы жауынгер-теміржолшылар ерлігін еске түсіретін деректермен танысуда.    

Атап айтсақ, бүгінде мұражай төріне Ресейден, Алексин қаласынан арнайы капсулаға салынған топырақ әкелініп қойылған. Себебі сол осы елді мекенде 1941 жылдың желтоқсан айының басында өткен кескілескен ұрыста Семейде жасақталған, құрамында семейлік теміржолшылар бар 238-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері қаза тауып, сол топырақта жерленген. Осыдан біраз жыл бұрын Абай облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Мұратқазы Алин Ресейдің Алексин қаласының Даңқ қорғанынан алынған бір уыс топырақ салынған капсуланы «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті-директоры, Құрметті теміржолшы, қоғам белсендісі Мақсұт Көшжанов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловқа  салтанатты түрде табыс еткен. Бұл бір есептен салалық кәсіподақтың аймақтағы әскери-патриоттық сипаттағы түрлі іс-шаралар мен қазақстандық патриотизмді насихаттаудағы еңбектері үшін берілген ерекше құрмет болатын.

Қазіргі таңда «Түрксіб-Семей» мұражайындағы экспозициялардың ішінде Семей облысында құрылған екі дивизияның, бірнеше әскери бөлім мен бөлімшенің ерлік жолын сипаттайтын тарихи еңбектер, сарғайған газет тігінділері бар.

– Сұрапыл соғыс жылдарында Семейде құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып, 238-атқыштар дивизиясы Алексин қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат етіп, Тула бағытындағы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан болатын. 238-атқыштар дивизиясы Мәскеуді 35 тәулік бойы қасық қаны қалғанша қорғады. Олардың сапында Түрксіб теміржолшылары болғанын көпшілік біле бермейді. Мәселен, Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткені үшін Семейде құрылған дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталған. Оны біз тарихтан білеміз. Олардың қатарындағы кеңес одағының батыры атанған теміржолшы Сергей Рубусин атында Семейде көше бар, – дейді «Түрксіб-Семей» мұражайының қызметкері Әсем Досанова.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті