Әулиеата командасы бас жүлдені жеңіп алды

Аймақтар
16.09.2025, 08:22
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» атты теміржолшылар арасында өткен республикалық конкурста филиал намысын абыроймен қорғап, бас жүлдені жеңіп оралған «Әулиеата» командасын қабылдады.

Тілге құрмет – елге құрмет екенін атап өткен Айдын Пайзылдаұлы өз міндеттерін адал атқарып жүрген теміржолшылардың саланың ғана емес, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүргені үшін филиал басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ филиалдың кәсіподақ ұйымы жеңімпаздарға сый-сияпат тапсырды.  

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, ұлттық татулықты нығайту және этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын байқауға «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы «Әулиеата» командасын жасақтап, жарысқа қосқан болатын. Үш кезеңнен тұратын конкурс талаптарын орындап, «Сөз маржанын» терген жамбылдықтар қарсыластарынан озық шығып, жоғары ұпай жинады.  

– Талап бойынша топ құрамында жетекшісі қазақ, ал қалған бес қатысушы түрлі этностардың өкілдері болуы тиіс. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген Жамбыл локомотив пайдалану депосының екі машинисі Владимир Пономаренко, Ибрахим Юсупов, Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушылары Мавлюдбек Бурсалов пен Евгений Дворецкий, бөлімшеден Константин Лыгарев – шетінен өнерлі әрі ойлары ұшқыр жастар. Конкурстың үш кезеңіндегі талаптарды орындауда бәрінен озық шықты, – дейді «Әулиеата» командасының жетекшісі, «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының коммерциялық ревизоры Медет Ұшақбаев.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды