Қисановтар әулеті – байқау жеңімпазы

Аймақтар
13.10.2025, 12:37
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақтауда облыстық «Мерейлі отбасы-2025» байқауы мәреге жетті. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін байқауға өңірден 14 отбасы қатысып, бақ сынасты. Жеңімпаз атанған алғашқы үштік қатарында теміржолшылар отбасы бар.

Бірінші орынды түрлі сала өкілдерін бір әулетке біріктірген Шолтамановтар отбасы иемденсе, екінші орынды мұнайлылық теміржолшылар әулеті – Қисановтар алды.  Үшінші орын Маңғыстау ауданынан келген спортшылар жанұясы – Алтыбаевтарға бұйырды.  

Түбек тұрғындарына отбасының ауызбіршілігі мен татулығын паш еткен Қисановтар әулеті байқаудың 500 мың теңге жүлдесі мен дипломына ие болды. Көптің көзайымына айналған бұл әулеттің отағасы мен отанасы бес баланы өсіріп жеткізген. Бүгінде перзенттерінің қызығын қызықтап, бір етек немере сүйіп, шөберенің қолынан су ішіп отырған жайы бар. Әулеттің үлкені Мейрам Қисановтың жұбайы Жібек Қалиевамен отасқандарына елу жылдан асыпты. Өмірдің түрлі кезеңдерін бастан өткізген ерлі-зайыптылар қашанда бірліктің, сыйластықтың арқасында шаңырағын шайқалтпай, отбасылық асыл құндылықтарды ұрпағына сіңіре білген. Үш ұл мен екі қызды аяқтандырып, бір-бір мамандық иесі атандырған. Перзенттерін  ардан аттамай, адамгершілік ізгі қасиетімен өз жолдарын табуына бағыт-бағдар берген ата-ана мерейі өсіп, мамандығын мақтанышына балаған ұрпағымен төрге озды.

Отағасы 1953 жылы Атырауда туып, Мақат станциясында алғашқы еңбек жолын бастаған. 1979 жылы түбекке жұмыс ауыстырып, Маңғыстау локомотив депосында түрлі еңбек сатысынан өткен. Депо директорының орынбасары қызметіне дейін жетіп, зейнеткерлік демалысына шыққан. Үлкен ұлы Мұхтар Қисанов екінші класты машинист болып тепловоз тізгіндеп жүргеніне отыз жыл. Мұхтардың жары Жанар Қисанова Маңғыстау станциясында вагондарды есепке алу бойынша оператор. Әулеттің тұңғыш немересі Дәулет те атакәсіпті жүрек қалауындағы мамандығына айналдырған теміржолшы, бүгінде Маңғыстау локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі.  

Ортаншы ұл Саттар Қисанов «Каскор Транс Сервис» мекемесінде ширек ғасырлық еңбек өтілі бар машинист, кенжелері Асқар Қисанов он жылдан астам депода заң кеңесшісі. Атадан балаға жалғасқан кәсіпті өмірлік бағытына айналдырған олар өз нәпақасын машақаты мол темір жолдан тауып, бар күш-жігерін түбек темір жолының дамуы жолында сарп етіп жүр.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды